Галилео — Юпитерді және оның серіктерін зерттеуге арналған америкалық ғарыш кемесі, 1610 жылы осы планетаның ең ірі төрт серігін ашқан ғалымның атымен аталды.

Аппарат ғарышқа 1989 жылы ұшырылды, 1995 жылы ол Юпитердің орбитасына шықты, өз жұмысын 2003 жылға дейін жалғастырды. Галилео Юпитерді айналған алғашқы аппарат болды.

Юпитерге барар жолда ол (951) Гаспра және (243) Ида астероидтары жанынан өтіп, Негізгі белдеу нысандарын зерттеген алғашқы миссия болды. Иданың жанында тағы бір аспан денесі бар екенін анықтап, алғашқы астероид серігін ашты.

1994 жылдың шілдесінде аппарат Шумейкер–Леви 9 кометасының Юпитерге соғылуын бақылаған.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер Галилео миссиясы туралы

Санат:Юпитерді зерттеу Санат:Галилео Галилей