Корея жүрдек теміржолы () — Оңтүстік Кореяның Корея Теміржол Корпорациясына тиесілі жүрдек пойыз теміржол жүйесі, көбіне Korea Train eXpress, KTX () деп те атайды. Құрылысы 1992 жылы Сеулден Пусанға қатынайтын жүрдек пойыз жүйесін салудан басталған. КЖТ 2004 жылғы 1 сәуірден бастап қызмет көрсетіп келеді.
Сеул бекетінен басталатын КЖТ желілері Сеул мен Йоңсан бекеті арқылы Пусанға және Куаңжуға беттейтін екі бағыт боп тармақталады. Пһёңчан қаласында болған 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары кезінде қызмет ету үшін 2017 жылғы желтоқсанда Уонжудан Каңыңға қатынайтын жаңа желі салынып біткен.
Дереккөздер
Санат:Корея жүрдек теміржолы Санат:Оңтүстік Корея транспорты