Нәсіпқали Сейітов (13.6.1944 жылы туған, Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай кенті) – ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1991), профессор (2095), “ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы”, геология терминдерінің тұңғыш түсіндірме сөздігінің авторы.
Өмірбаяны Қазақ политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1968). 1970 – 96 жылдары Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, жетекші ғылыми ғызметкер, лаборотория меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, бас ғылыми қызметкер 1996 – 2000 жылады Абай атындағы ҚазҰПУ-да, 2000 – 05 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі, 2005 жылдан – профессор.
1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидатын даярлады.
Шығармалары Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның аймақтық геологиясы және геотектоникасы мәселелеріне арналған. Ол “Литосфералық тақталар тектоникасын” Қазақстан аумағы үшін жетілдірген. Сейітов 150-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік, ғылыми-танымдық, анықтамалық еңбектердің авторы, оның ішінде бірнеше монография, оқулық, түсіндірме сөздіктер, т.б. бар. Тектоника плит и офиолитовые зоны Казахстана (принципы умеренного мобилизма), А.-А., 1988; Жұмыр Жердің тынысы, А., 1991; Тектоника плит: возможные истоки и особенности проявления, А., 1992; Геология терминдерінің сөздігі, А., 1996; Генетическая и геодинамическая модель геологического развития и становления палеозойских офиолитовых зон, А., 2006.
Марапаттары “ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен және медальдармен марапатталған “ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” грантының иегері (2005).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X томҚазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Дереккөздер
Санат:13 маусымда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Индер ауданында туғандар Санат:Қазақстан геологтары Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Геологиялық ғылымдар институты қызметкерлері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлары