Кеңес Одағы флоты адмиралы () — КСРО Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жеке әскери кемелік атағы.
Тарихы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1955 жылғы 3 наурыздағы «Флот адмиралы әскери атағы туралы» Жарлығымен енгізілген. Кеңес Одағы маршалы әскери атағымен бірдей.
Кеңес Одағы флоты адмиралы жеке атағы үш теңіз қолбасшысына берілді: Н.Г.Кузнецов, И.С.Исаков және С.Г.Горшков.
Айырым белгілері Иық белгілерінде — астынан сәулелері шығып тұрған үлкен бес бұрышты жұлдыз және ортасында қызыл фонда қара зәкір бар және Одақ Елтаңбасы иық белгісінің тік осін бойлай орналасқан. Флот адмиралдары 1945-1955 жылдары осындай иық белгілерін киген.
Жеңдерде — бес жолақ (1 жалпақ және 4 орташа) және алқагүлде жұлдыз орналасқан болатын.
Кеңес Одағы флоты адмиралы кеме шенінің ерекше белгісі галстукта гауһар тасы бар алтын Кеңес Одағы маршалының «Маршал жұлдызы» тағылған болатынУказ Президента Российской Федерации от 27 января 1997 года № 48 «О внесении изменений в Указ Президента Российской Федерации от 23 мая 1994 г. № 1010 „О военной форме одежды и знакм различия по воинским званиям“» .
Кеңес Одағы флоты адмиралдарының тізімі
КейіпіАты Әкесінің аты Тегі Өмір сүрген жылыАтақты иеленген уақытыАтақ беру кезіндегі лауазымыМарапатКеңес Одағының Батыры және Социалистік Еңбек Ері атақтарының берілу саныcenter|150pxНиколай Герасимович КУЗНЕЦОВ1904—19743 наурыз 1955(17 ақпан 1956 атағынан айырылды, 26 шілде 1988 қалпына келтірілді)КСРО қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – КСРО Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы25pxcenter|150pxИван Степанович ИСАКОВ1894—19673 наурыз 1955КСРО әскери-теңіз күштері министрінің орынбасары25pxcenter|150pxСергей Георгиевич ГОРШКОВ1910—198828 қазан 1967КСРО қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – КСРО Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы25px25px
Әдебиет Куценко А. Н. Маршалы и Адмиралы Флота Советского Союза: форма, награды, оружие. — Донецк: Аспект, 2001. — 375 с.
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағы флоты адмиралдары Санат:Әскери-теңіз атақтар