Сақар атырабы () — Түрікменстанның Лебап уәлаятында бұрын болған атырабы.
Тарихы 1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Сақар ауданы болып құрылған.
1939 жылы қарашада Сақар ауданы жаңадан құрылған Шаржоу облысына берілді.
1956 жылы Сақар ауданы таратылды (оның аумағы Куйбышев ауданына берілді), бірақ 1975 жылы қарашада Шаржоу облысының құрамында қалпына келтірілді.
1988 жылы тамызда Сақар ауданы қайтадан таратылды.
1992 жылы 14 желтоқсанда Сақар ауданы Лебап уәлаятының құрамына еніп, Сақар атырабы деп өзгертілді.
2017 жылдың 25 қарашасында Түрікменстан парламентінің қаулысымен Сақар атырабы жойылып, оның аумағы Саят атырабына берілді.
Сілтеме Дүниежүзілік тарих жобасы
Дереккөздер
Санат:Түрікменстанның таратылған атыраптары