Херсон облысы (), ауыз. Херсонщина () — Украинаның оңтүстігінде, Днепр өзенінің төменгі ағысының екі жағалауында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.

Батысында Николаев облысымен, солтүстігінде — Днепропетровск облысымен, шығысында — Запорожье облысымен, оңтүстігінде — Қырым Автономиялық Республикасымен шектеседі. Қара теңіз және Азов теңіздері шайып жатыр.

Облыстың аумағы 28,4 мың км² (Украинада 7-орын), халқы 2022 жылдың басындағы бағалау бойынша 1,0 млн адамды құрады (21-орын). Әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы — Херсон. Басқа ірі қалалары — Жаңа Каховка, Каховка және Алешки.

Облыс 1944 жылы Украин КСР-інің Запорожье облысынан бөлініп, неміс басқыншылығынан азат етілгеннен кейін құрылды.

Ресейдің Украинаға басып кіруі нәтижесінде 2022 жылы ақпан айының соңынан бастап облыстың басым бөлігі Ресей басқыншылығында болды. Сол жылдың 30 қыркүйегінде Ресей облысты құрамына қосқандығын жариялады. Украина Қарулы Күштерінің қарсы шабуылы барысында 6 қазанға қарай Украина облыстың 400 км²-ден астам аумағын өз бақылауына қайтарды. 11 қарашада украин әскерлері Херсон қаласының өзіне кірді. Қаланы тастап шығар алдында Ресей әскерлері оның негізгі инфрақұрылымын, соның ішінде электр және сумен жабдықтау жүйелерін қиратты.

Физикалық-географиялық сипаттамасы Географиялық жағдайы

Дереккөздер

Санат:Херсон облысы Санат:Украина облыстары