Чаджанмен (кор. 짜장면) — корей елінің тағамы. Бұл атау негізгі ингредиенттерден шыққан: "чаджан" деп аталатын тұздық және "мен" деп аталатын бидай кеспесі. Сондай-ақ, чаджанменге көкөністер, ет (әдетте шошқа еті, сонымен қатар сиыр еті), теңіз өнімдері (асшаяндар немесе кальмар) қосылады.ЧЁРНАЯ ЛАПША ЧАЧЖАНМЁН 짜장면 . mybreadcrumb.ru. Дата обращения: 19 августа 2022. Бұрын бұл тағамға арналған кеспе қолмен жасалған, қазір өнеркәсіптік кеспе жиі қолданылады. Ладжан соусы карамельмен қуырылған қара бұршақтардан, сондай-ақ соя немесе устрица соусынан тұратын чхунджон макаронының негізінде дайындалады.hipfoodiemom. Jajangmyeon: Korean Noodles with Black Bean Sauce (амер. англ.). Hip Foodie Mom (6 марта 2019). Дата обращения: 19 августа 2022.Charlie. What Does Jajangmyeon Taste Like? (амер. англ.). Prepared Cooks (4 марта 2021). Дата обращения: 19 августа 2022.

Тарихы Чаджанмен Кореяға ХХ ғасырдың басында,MICHELE KAYAL. Traditional Chinese New Year fare symbolic (амер. англ.). Lubbock Avalanche-Journal. Дата обращения: 19 августа 2022. көрші Қытайдан келді.ЧЁРНАЯ ЛАПША ЧАЧЖАНМЁН 짜장면 . mybreadcrumb.ru. Дата обращения: 19 августа 2022. Тағам корей елінің дәстүріне бейімделген және алғаш рет қытайлық иммигранттар ашқан Конхвахун мейрамханасында (кор. 공화춘?, 共和春?) беріледі, ол әлі күнге дейін порт қаласы Инчхон чинатаунда жұмыс істейді.Kinja. Kinja Eats: Jjajangmyun (англ.). Kinja (19 августа 2022). Дата обращения: 19 августа 2022.

Чаджанменді әдетте панчханалармен бірге береді : сары маринадталған шалғам (танмуджи) немесе маринадталған пияз, қуырылған немесе қайнатылған жұмыртқа, жасыл пияз, бамбук өскіндері.

Чаджанмен 1950 жылдардың ортасында жұмысшы табы арасында ерекше танымалдылыққа ие болды: бұл арзан, бірақ тойымды тағам корей жұмысшыларының рационының маңызды бөлігіне айналды. Тағамның бағасын одан әрі төмендету үшін чаджанменге көп пияз бен картоп қосылды.

2012 жылдың 28 сәуірінде Кореяның Инчхон қаласында чаджанмен мұражайы ашылды (Конхвачхун мейрамханасында орналасқан).Kinja. Kinja Eats: Jjajangmyun (англ.). Kinja (19 августа 2022). Дата обращения: 19 августа 2022.

Сондай-ақ, "Доширак" компаниясы шағарғандай, тез дайындалатын чаджанмен да шығарылады.

Кореяда 14 ақпанда, Валентин күнінде ер адамдарға сыйлықтар беріп, ал  14 наурыз, Ақ күні - әйелдерге беріледі. Сүйіктілері жоқ адамдар 14 сәуірде қара күнді атап өтеді. Бұл күні жалғызбасты адамдар қара киім киіп, кафелер мен мейрамханаларға қара кеспе - чаджанменді жеу үшін барады.Smithsonian Magazine, K. Annabelle Smith. Korea’s Black Day: When Sad, Single People Get Together And Eat Black Food (англ.). Smithsonian Magazine. Дата обращения: 19 августа 2022.

Дереккөздер