Дархан Медеғалиұлы Жазықбай (бұрын — Жазықбаев; 1 тамыз 1976 жыл) — қазақстандық саясаткер, философ, заңгер, 2022 жылдан бастап қызметтегі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Білімі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген. Мамандығы философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы Еңбек жолын Алматы заң институтында, содан кейін Ішкі істер министрлігінің академиясында оқытушы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Парламент Сенаты Аппаратының Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Парламент Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

2019 жыл маусым 2022 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.Дархан Медеғалиұлы Жазықбай

Марапаттары және атақтары «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.АНЫҚТАМА Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы

Отбасы Ағасы Бақытжан Жазықбаев (1968 жылы туған) — 2021 жылдан бастап KEGOC компаниясының басқарма төрағасының орынбасары.Жазыкбаев Бахытхан Медегалиевич

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері