Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев (4 желтоқсан 1962 жыл, Бақанас, Балқаш ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер және қоғам қайраткері, журналист, дипломат, 2022 жылдан бастап Жетісу облысының әкімі. Саяси ғылымдар кандидаты.
Білімі 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолы 1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры болды.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.
1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, 1999-2000 жылдарда – Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.
2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.
2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2006-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
2009-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2015-2019 жылдары - Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болды.
2022 жылы 13 қаңтарда Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.
2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Отбасылық жағдайы Үйленген, үш баласы бар: қыздары Айнұр, Әйгерім (1983 және 1986 жылдары туған) және ұлы Қабыл (1999 жылы туған). Жұбайы Әсия Игенсартова — мамандығы бойынша журналист, филология ғылымдарының кандидаты.Асия Игенсартова: «Я полюбила неповторимый вкус кыргызского кумыза и ароматы местных фруктов» Халық ақыны Ғабдиман Игенсартовтың немересі.Қарқаралы ауданының мемлекеттік мұрағаты ақын Ғабдиман Игенсартовтың құжаттарын таныстырды Аким Жетысу рассказал, где работают его дети Үлкен қызы Айнұр Астана халықаралық қаржы орталығының баспасөз хатшысы болып қызмет етеді.МФЦА и медиакорпорация China Media Group заключили соглашение о взаимопонимании Кіші қызы Әйгерімнің жұбайы Дархан Кәкетай 2023 жылға дейін «Алматы электр станциялары» компаниясының жалпы мәселелер бойынша басқарушы директоры болған.Сведения об аффилированных лицах акционерного общества Акционерное общество "Казахстанская компания по управлению электрическими сетями" (Кazakhstan Electricity Grid Operating Company) Работники АлЭС подарили детям из малообеспеченных и многодетных семей школьные принадлежности
Ағасы Серік Исабаев (1957 жылы туған) — Балқаш ауданы, Бақанас ауылында орналасқан Іле ботаникалық бағының директоры. Серік Исабаевтың баласы Нұржан Өксікбаев 2022 жылдан бастап «Алатау Жарық» компаниясының корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры қызметінде.Оксикбаев Нуржан Серикович
Бейбіт Исабаевтың жақын туысы Омархан Өксікбаев (1954 жылы туған) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (2002—2003), Есеп комитетінің төрағасы (2003—2012), Нұр Отан партиясы атынан Мәжіліс депутаты (2012—2021).Омархан Нұртайұлы Өксікбаев 2021 жылдан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің директорлар кеңесін басқарады.Омархан Өксікбаев жаңа қызметке тағайындалды Әкесі Нұртай Өксікбаевтың атына Бақанас ауылында көше берілген.Бақанас ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру туралы Омархан Өксікбаевтың інісі Бақытжан Өксікбаев (1968 жылы туған) — мамандығы бойынша жаттықтырушы және заңгер, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің директоры.Колледж директоры
Марапаттары және атақтары «Құрмет» ордені (2007) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдері Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2001)Сенат ресми сайты. Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстанның Пәкістандағы елшілері Санат:Қазақстанның Түркиядағы елшілері Санат:Қазақстан президентінің баспасөз хатшылары Санат:Қазақстанның Қырғызстандағы елшілері Санат:Қазақстанның Әзербайжандағы елшілері Санат:Жетісу облысы әкімдері