Роман Александрович Головченко (10 тамыз 1973, Минск облысы) — кеңестік және беларусьтік дипломат, экономист, саясаткер және 2020 жылдан 2025 жылға дейін Беларусь премьер-министрі. 2025 жылғы 10 наурызда Головченко Беларусь Ұлттық банкінің басқарма төрағасы болып тағайындалды.https://nashaniva.com/ru/363405
Жастық шағы және білімі 1973 жылғы 10 тамызда Жодино қаласында жалғыз бала болып дүниеге келген. Әкесі Александр Николаевич Головченко Беларусь политехникалық институтын бітіріп, Минск трактор зауытының конструкторлық бюросында инженер болып жұмыс істеді. Нағашы атасы да, өз атасы да Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері болған. Роман Головченко Жодинода 10 жасына дейін тұрып, ата-анасымен Минскіге көшіп, орта мектепті сонда бітірген. 1996 жылы ол Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтын және 2003 жылы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Мансабы нобай|солға|Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Беларусь президенті Александр Лукашенко мен премьер-министрі Головченко, 2020 жыл 2013 жылы ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елші болып тағайындалды, содан кейін Катар, Кувейт және Сауд Арабиясында елдің атынан өкілдік етуге жауапты болды.
Оны қазіргі қызметіне президент Александр Лукашенко 2020 жылғы президенттік сайлауына екі ай қалғанда тағайындаған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Ол 2020 жылғы 17 тамызда, 2020 жылғы Беларусь наразылықтары кезінде министрлер кабинетінің ауысуы кезінде отставкаға кетуді ұсынды.
2022 жылғы маусымда Головченко Канаданың қара тізіміне енді.
Өз өмірі Роман Головченко үйленген, бір ұлы және екі қызы бар. Екі қызының Головченконың екінші некесінен туғаны белгілі. Головченконың өзі ағылшын, араб, неміс, поляк тілдерін меңгерген.
Марапаттары Роман Головченконың барлық марапаттары: «Татар Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуына 100 жыл» медалі (2021, Татарстан, Ресей); «Халықтар Достығы» ордені (2022, Башқұртстан, Ресей).
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Санат:Беларусь дипломаттары Санат:XX ғасыр дипломаттары Санат:XXI ғасыр дипломаттары Санат:Беларусь елшілері Санат:Беларусь экономистері Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Алфавит бойынша экономистер Санат:XXI ғасыр экономистері Санат:Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектері Санат:Беларусь президентінің жанындағы Басқару академиясы түлектері Санат:Беларусь премьер-министрлері