Джемма Скулме (; кеңестік кезең құжаттарында – Джемма Оттовна Скулме, 20 қыркүйек 1925 – 9 қараша 2019https://rus.timeline.lv/raksts/novosti/48844-ushla-iz-zhizni-khudozhnitsa-dzhemma-skulme ) — кеңестік және латыш суретшісі. Латыш КСР халық әртісі (1976). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).
Өмірбаяны Латвия өнер академиясының кескіндеме факультетін және Илья Репин атындағы Санкт-Петербург өнер академиясын бітірген. 1956 жылдан Латвия Суретшілер одағының мүшесі, 1977 – 1982 жж. төрағаның міндетін атқарушы, 1982 – 1992 жж. төрағасы болды. Скульменің жеке көрмелері Ресейде, Аустрияда, Германияда, Канадада және АҚШ-та өттіhttp://www.gorod.lv/novosti/19050-dzhemme_skulme_80_let.
Отбасы Джемма суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі – Отто Скулме (1889-1967, 1961 жылға дейін Латвия өнер академиясының ректоры), анасы – Марта Лиепиня-Скулме (1890-1962). Оның әкесінің ағасы Уго (Угис) Скулме мен оның ұлы – Юргис Скулме де суретші болған. Юргис Скулме «Кеңес өкіметіне жала жабу» деп аталатын Сібірдегі латыштардың өмірін бейнелеген. Ал Джемма Скулме бастаған суретшілер одағы оны одақтан шығаруға дауыс берді. «Бұл тарихи шартты түрде өзіме жасалған опасыздық болды»,— деп кейін мойындаған 90 жастағы суретшіhttp://www.lsm.lv/ru/statja/kultura/eksklyuziv-dzhemma-skulme-kotoraja-i-v-90-vs-esch-optimistka.a146119/.
Бірінші күйеуі – актер Артур Димитерс (1915-1986), бұл некеде плакат суретшісі – Юрис Димитерс (1947) атты ұлы болды.
Екінші күйеуі – суретші Оярс Густавович Аболс (1922-1983), қызы Марта Скулме (1962).
Марапаттары мен атақтары КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1984) — «Ән» суретті триптихі және «Жіптер», «Ұрпақтар» картиналары үшін («Жүз жыл бұрынғы», «Аспанды найзағай жарып өтеді», «Ән»). Латвия КСР халық әртісі (1976). Латвия ғылым академиясының құрметті мүшесі. Латвия өнер академиясының құрметті докторы. IV дәрежелі «Үш жұлдыз» ордені (1995)https://www.vestnesis.lv/ta/id/37809.
Әдебиет 10 художников Латвии: Оярс Аболс, Борис Берзинь, Рита Валнере, Эдвард Грубе, Индулис Заринь, Улдис Земзарис, Эдгар Илтнер, Лаймдот Мурниек, Херберт Силиньш, Джемма Скулме. Каталог выставки. Издатель: Союз художников СССР, Союз художников Латвийской ССР, Москва: Советский художник, 1979. — 70 стр. с иллюстрациями. Авт. вступ. ст. и аннотаций И. Нефёдова.
Дереккөздер
Сілтемелер Biogrāfija un darbi Джемму Скулмимен сұхбат Biogrāfija un darbi Džemma Skulme pret varu ar brīvas mākslas garu
Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Латвия суретшілері Санат:КСРО суретшілері