Бірсуат — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ауыл, Бірсуат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Қойтас өзенінің аңғарындағы Бірсуат көлінің оңтүстік жағасында, селеу аралас әртүрлі шөпті-орманды дала өңірінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен961480 364 75,8 236 180 76,3 244 184 75,4

Тарихы Іргесі 1929 жылы ұжымдастыру кезінде қаланған. 1948 жылдан бастап ұжымшар, кейін Бауыржан Момышұлы ет өндіру кеңшарының орталығы болды. Бұрынғы кеңшар негізінде кооператив шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Тұрғындары облыс орталығы — Көкшетау қаласымен, Степняк, т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Біржан сал ауданы елді мекендері