Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов (31 наурыз 1978, Алматы) — қазақстандық экономист, менеджер, 2023 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы.
Білімі 2001 жылы РФ Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Экономика бакалавры, экономика магистрі.
Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты.
Мансабы Еңбек жолын 2001 жылы Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның (ENRC) қаржы сарапшысы болып бастаған.
2003—2004 жылдары Замбияның Китве қаласында орналасқан Chambishi Metals PLC компаниясының бизнес менеджері болып жұмыс істеген.
2004—2007 жылдары Мәскеу қаласындағы Research, Investment and Development Ltd тікелей инвестициялар қорының жобалық менеджері, 2007—2009 жылдары Credit Suisse банкінің Мәскеудегі кеңсесінде биржада сатылымдағы компания акцияларының құны жөніндегі сарапшысы болды.
2009 жылы елге оралып, 2011 жылға дейін «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарма мүшесі және басқарушы директоры болды.
2011—2012 жылдары «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы және инвестициялық банкинг департаментінің директоры болды.
2012—2016 жылдары UBS AG Almaty Representative Office Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры болды.
2016—2017 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі — Даму және инвестициялар бойынша басқарушы директоры болды.
2017—2019 жылдары «Астана» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2019—2020 жылдары Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі болды.
2020—2023 жылдары «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы болды.
2023 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарады.Жакупов Нурлан Каршагович (персональная справка)
Қосымша лауазымдары «Air Astana» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (02.2024 жылдан бастап) ҚР Су спорты түрлері федерациясының президенті (03.2025 жылдан бастап)Глава "Самрук-Казына" получил еще одну должность «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (04.2025 жылдан бастап) «ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (05.2025 жылдан бастап)Совет директоров. Жакупов Нурлан Каршагович
Марапаттары «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі (01.11.2023) «Теңгеге 30 жыл» медалі (02.11.2023) «Құрмет» ордені (23.10.2024)
Дереккөздер
Санат:Самұрық-Қазына тұлғалары Санат:Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектері