Қаражемістер тұқымдасы () – қос жарнақты өсімдіктер.

Ботаникалық сипаты thumb|left|150px| Гүлдері ұсақ, көбінесе жай көзге байқалмайтын жасыл, 4 – 5 буынды, қос немесе бір жынысты, қос үйлі, гүлшоғырының қолтығында топтасқан. Тұтас жапырақтары тікенекті, кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасқан. Тостағанша жапырақтары 4 – 5-ке бөлінген, желегі жоқ немесе ұсақ, аталығы қысқа жіпшесімен 4 – 5, түйіні 2 – 3 (4) ұялы, әр ұясында 1 тұқымды бүрі бар. Жемісі сүйекті жаңғақ немесе жидек тәрізді болады. Қазақстанда қаражемістер тұқымдасының 3 туысы (итшомырт, қаражеміс, шилен) 6 түрі кездеседі.

Түрлері мен таралу аймағы Қаражемістер тұқымдасы негізінен Еуропа мен Американың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кең тараған. Жер шарында қаражемістер тұқымдасының 60 туысы, 900-ден астам түрі кездеседі. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қаражемістер Санат:Қазақстан флорасы