Қаражидектер Тұқымдасы (Vaccіnіаceae) – тік өсетін бұталар немесе жерге көлбей өсетін жартылай бұталар. Тұтас жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, дара немесе 2 – 3-тен шоқталып жиналған. Күлтесі біріккен желекті, 4 – 5-ке бөлінген, гүлдегеннен кейін түсіп қалады. Аталықтары дара, бос жатады, аталық мойны жіпше тәрізді. Жатын түйіні – 4 – 5 ұялы, өте көп ұрық бүрінен тұрады. Жемісі – көп дәнді жидек. Қазақстанда 2 туысы – қаражидек және мүкжидек бар. Қаражидек түрлерінің жемістерін пісе бастаған кезінде немесе кептіріп те жеуге болады. Олардың құрамында қант, сахароза бар. Тамақ өнеркәсібінде тосап жасауға, конфеттердің ішіне, киселге салуға пайдаланады. Қазақ Энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Көкбұталар