Дәурен Құнанбайұлы Бекжанов (18 шілде 1968, Омбы, РКФСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, полковник, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы (2014 жылдан бастап).
Өмірбаяны 1968 жылы 18 шілдеде Омбы қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Фрунзе атындағы Омбы жоғары жалпыәскери қолбасшылық училищесін, 2000 жылы — РФ Федералдық шекара қызметінің академиясын, 2018 жылы — Беларусь Республикасының Әскери академиясын бітірген.
Мотоатқыштар взводының командирі, шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары, басшысы, жеке бақылау-өткізу орынжайының басшысы, Өңірлік басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының басшысы болды.
2020 жылдың сәуірінен бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары жұмысын атқарады.
Марапаттары «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011) «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медалі «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалі (2015) «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекарасын нығайтқаны үшін» медалі Ұзақ жылдардағы қызметі үшін берілген медалдар
Сілтеме Параграф
Дереккөздер
Санат:Қазақстан полковниктері