Закусилов Александр Александрович (1939, Атбасар ауданы Покровка ауылы) – ауыл шаруашылығы қызметкері. Алматы зооветеринар институтын бітірген (1972). 1958 жылы Балкашино ауданы «Сандықтау» кеңшарында шопан, фермада бригадир, «Приозерный» кеңшары бөлімшесінде бөлім бастығы (1961 – 62), Спаский мал бордақылау кеңшарында бас зоотехник (1964 – 66), Щучье ауданы Златопольский кеңшары бөлімшесінің бастығы (1966 – 69), Веселовский кеңшарында зоотехник-селекционер, Сандықтау ауданы «1-Май» ұжымшарында, Барылыкөл, Победа кеңшарларында бас зоотехник (1969 – 82), 1982 жылы Свободное ЖШС-нің директоры болды. Отан орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Пайдаланылған cілтемелер