2024 жылы 19 сәуірде таңғы сағат 5:23-те Израиль Иранға соққы жасады. Иран Сириядағы Иран елшілігіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге ұшқышсыз зымырандар атқаннан кейін Израиль жауап қайтарған.

Хронология Соққының басым бөлігі Исфахан маңындағы Кахджаварестан қаласында болды. Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары таңертең ядролық қондырғылар мен армия базасы орналасқан Исфахан қаласының аспанында "кішкентай үш дрон" атып түсірілді деп жазды. Ресми ақпаратқа қарағанда, бүлінген жерлер жоқ, ядролық инфрақұрылым бұзылмаған. Тебриз қаласының аспанында да жарылыстар болды. Иранның ішкі рейстері тоқтап, Тегеран әуежайындағы адамдар эвакуацияланды.

Тегеран, Исфахан және Шираз үстіндегі әуе рейстері белгісіз мерзімге тоқтатылды. Иран астанасындағы Имам Хомейни халықаралық әуежайы жолаушыларға қызмет көрсетуді таңғы сағат 11-ге дейін кейінге қалдырды.

Халықаралық реакция Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранның ядролық объектілеріне залал келтірілмегенін растады.

Таңғы ақпараттық истерия кезінде АҚШ-тың Израильдегі елшілігі қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қозғалысты шектеуді ұсынды. Австралия азаматтарды Израильден кетуге шақырды.

Пентагон соққы туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Шығындар Израиль ақпарат құралдары 19 сәуірде Израиль Ирак пен Сириядағы нысандарға да соққы жасағанын хабарлады, екі елде де жарылыстар болды. Сирия ақпарат құралдары Израиль елдің оңтүстігіне зымыран жіберді, "материалдық шығындар" бар деп жазды.

Тағы қараңыз Иранның Израильге зымыран соққысы (сәуір 2024) Иранның Израильге зымыран соққысы (қазан 2024)

Дереккөздер

Санат:Араб-Израиль қақтығыстары Санат:2024 жылғы қақтығыстар Санат:Израиль соғыстары