Осиек-Баранья жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-шығысында, Славонияның солтүстік-шығыс аймағында және Драва өзенінің солтүстігіндегі Хорватияға тиесілі Баранья өңірінде орналасқан. Жупанияның әкімшілік орталығы — Осиек қаласы.

Географиясы Жупанияның ауданы — 4155 км². Оңтүстігінде Брод-Посавина жупаниясымен, оңтүстік-шығысында Вуковар-Срем жупаниясымен, батысында Пожега-Славония жупаниясымен, солтүстік-батысында Вировитица-Подравина жупаниясымен шектеседі. Солтүстігінде Мажарстанмен, шығысында Сербиямен (шекара Дунай арқылы өтеді) шектеседі.

Жупания аумағы негізінен ойпатты және топырағы құнарлы. Жупанияның орталық бөлігінен Драва өзені ағып өтіп, шығыста Осиектен әрі Дунайға құяды. Солтүстік-шығыста Копачки Рит табиғи паркі орналасқан.

Халқы 2001 жылғы санақ деректеріне сәйкес, жупанияда 330 506 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупания халқының ұлттық құрамы: 83,89 % хорваттар, 8,73 % сербтер, 2,96 % мажарлар, 0,65 % словактар, 0,30 % сығандар, 0,29 % немістер, 0,26 % албандар, 0,15 % словендер, 0,12 % босниялықтар, 0,11 % черногорлықтар, 0,10 % еврейлерҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .

Әкімшілік бөлінісі Әкімшілік жағынан жупания 25 әкімшілік бірлікке бөлінеді (7 қала, 35 қауымдастық):

Қалалар: Осиек, жупанияның астанасы, 90 411 адам Джяково, 20 912 адам Бели Манастир, 8671 адам Нашице, 8173 адам Валпово, 7904 адам Белишче, 7197 адам Дони Михоляц, 6680 адам

Қауымдастықтар: Антуновац Бизовац Билье Вильево Вишковцы Владиславци Вука Горьяни Дарда Джурдженовац Донья Мотичина Драж Дренье Кнежеви Виногради Кошка Леваньска Варош Магаденовац Мариянчи Петловац Петриевичи Подгорац Подравска Мославина Поповац Пунитовци Сатница Джяковачка Семельчи Стриживойна Трнава Феричанци Чеминац Чепин Шодоловци Эрдут Эрнестиново Ягодняк

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты

Санат:Хорватия жупаниялары