Александр Михайлович Чеховских (1936, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ешім ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1988), профессор (1991).
Қарағанды политехникалық институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. ҚР Кен апатынан құтқару ғылыми-зерттеу институтының бас директоры (1992) болды. 2005 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессор қызметін атқарады.
130-дан астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1936 жылы туғандар Санат:Осакаров ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар