Әнияр Қожабайұлы Молдабаев (1856, Шыңғыс болысы – 1934) — «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі.«Қазақ» газеті, 02.12.1917, №253 Шығыс Қазақстан өңірі Алаш қозғалысының мүшесі.
Өмірбаяны Әниярдың әкесі Қожабай Шегірұлы сүйектен, ағаштан өрнекті бұйымдар жасайтын шебер, ісімер адам болған. Қожабай 1858 жылы дүние салады да, Сүндетбай, Үмбетбай, Әнияр атты балалары әкесінің інісі Молдабайдың қолында тәрбиеленеді.
1865 жылы 15 жасар Әниярды Абай Молдабайдан сұрап алып, Семей шаһарындағы орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Оны бітірген соң Әнияр Ташкентке барып жоғары білім алады. Заң қызметкері болып шығып, жолдамамен Әндіжанда, кейінде Марғұланда кіші чиновник болып қызмет істейді. Сондағы өзбектің бай саудагерінің қызына үйленеді. 1890 жылдары Семейдегі мемлекеттік банктің қызметкері, кейінде оның менгерушісі, уездік сот болады.
Әнияр Молдабаев Семейге келіп қызмет жасап жүргенде Абай өзінің әулетінен мал жиғызып , 30 бестінің қаржысына Семейдегі Москвин деген орыстың үйін Әниярға сатып әпереді. Әниярдың үйі Семейге келетін Тобықты елінің игі жақсылары ғана емес, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермекұлы, Халел Ғаббасұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Сыдық Дүйсенбайұлы, Мұстақым Малдыбайұлы, Биахмет Сәрсенұлы сияқты азаматтар жиі бас қосатын орынға айналған.Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Жанболатұлы М. 2004. 70-бет.
Әнияр өзінің жалғыз ұлы Сапарғалиға (1890–1974) Кәкітайдың қызы Кәкішті айттырып алып береді де, Ысқақ, Абай тұқымдарымен құдандалы, сүйек болады. Әнияр Абайдың тұңғыш жинағын бастырып шығаруға көп қызмет еткен адам.
Абайдың замандасы және қамқорлығында болған. Семей интернатында, кейін № 5 қалалық училищеде оқыған. Абайдың талап етуімен Әнияр Ресейде оқып, адвокат куәлігін алған соң елге оралады.
Кейіннен пошта бөлімінде жұмыс істеп, Ташкент қаласына, соңынан Әндіжанға іс-сапарға жіберіледі. Қайта оралған соң, Семейде Мемлекеттік банкте 1919 жылы зейнетке шыққанға дейін тілмәш болып қызмет істейді.
1917 жылы «Алаш» партиясына кіреді. 1917 жылы сәуір-мамыр айларында Ә.Молдабаев Семей облыстық қазақ комитеті съезіне қатысып,оған мүше болып сайланады. Алаш облыстық комитетінің қазынашысы, Семей облысы Земствосы жиналысының мүшесі, Семей уездік қазақ соты жиналысының мүшесі және Земск банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
Саяси қызметі
Алаш ұлт-азаттық қозғалысы жылдары Әлихан Бөкейханның басшылығымен «Алаш» партиясының Семей облыстық комитеті құрылған кезінде Әнияр Молдабаев бір ауыздан оның қазынашысы болып бекиді. Партияның мүшелік жарнасын жинау, жалпы партиялық қаржы мәселесі мен кейін Алаш ұлттық автономиясы мен үкіметінің жүйелі жұмыс атқаруын, қаржылық мәселелердің дұрыс шешіліп отырылуын реттеген, қазіргі тілмен айтқанда Қаржы министрі қызметін атқарды.
Мұражай 1997 жылы қыркүйекте М.О.Әуезовтың туғанына 100-жыл толуына орай осы Әнияр Молдабаевтың мемориалды үйінде “Алаш арыстары және Мұхтар Әуэзов” мұражай экспозициясы ашылды.
Дереккөздер
Санат:Алаш қозғалысы мүшелері