Қайрат Шораұлы Сарыбай (8 маусым 1966, Алматы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат, Түркия (1999—2003) мен Германиядағы (2003—2007) елші. І дәрежелі елші.
Өмірбаяны 1966 жылы 8 маусымда Алматыда ғалым Шора Сарыбаевтың отбасында дүниеге келді. Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руының ішіндегі Бұғанай тармағынан шыққан.
Білімі 1988 жылы Ленинград мемлекеттік университетін (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік университеті) “филолог-шығыстанушы” мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолы 1988—1991 — Қазақ КСР ғылым академиясы ұйғыртану институтының қызметкері, КСРО ғылым академиясы тіл білімі институтының ленинград бөлімшесінің тәжірибеші ғылыми қызметкері; 1991—1996 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінде, ақпараттық-талдау департаментінде, Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде дипломатиялық қызметте жұмыс істеді; 1996—1997 — Қазақстан президентінің хаттама қызметінің басшысы; 1997—1998 — Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы; 1998—1999 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары; 1999—2003 — Қазақстанның Түркиядағы елшісі; 2003—2007 — Қазақстанның Германиядағы елшісі; 2007—2008 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа одағымен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық үйлестіруші; 2008—2010 — Қазақстан президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі; 2010—2014 — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары; 2014—2020 — Қазақстанның Аустрия мен Словениядағы елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі.
Жеке өмірі Үйленген, жұбайы Лейла Болатқызы Махат (1970 туған) — суретші, Қазақ ұлттық өнер университетінің “кескіндеме және мүсін” кафедрасының доценті, Еуразия өнер академиясының президенті.
Балалары: ұлдары — Елден (1989 туған) мен Темірлан (2010 туған) және қыздары — Дәрия (1999 туған) мен Инара (2012 туған).
Әкесі Шора Сарыбаев (1925—2018) — ғалым, филология ғылымдарының докторы, тілтанушы.
Бауырлары: тәтесі Майра (1957 туған) — филология ғылымдарының кандидаты, тілтанушы; тәтесі Салтанат.
Марапаттары мен атақтары Астана медалі (1998) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001) Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005) Ерен еңбегі үшін медалі (2006) Астанаға 10 жыл медалі (2008) Құрмет ордені (2011) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011) Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015)
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның Германиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Түркиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Аустриядағы елшілері Санат:Қазақстанның Словениядағы елшілері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан президентінің баспасөз хатшылары