Қаракөлдік – Шарын алабындағы өзен (тармақ).
Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 39 км.
Бастауы Қаракөлдік Шарын ауылынан төменде өзеннен бөлініп шығып солтүстікке, одан кейін Іле өзенін бойлай батысқа қарай ағып, сол аңғарындағы құмға жетіп сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Арнасы мен аңғары жазық, жайпақ. Орта ағысында құм төбелер аралығымен ағады. Арнасында жыл бойы су болады. Алабы шабындық және мал жайылымына, Шарын ауылы тұсында егістікке пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы