Revolution Radio () — америкалық Green Day панк-рок тобының он екінші студиялық альбомы. Альбом 2016 жылдың 7 қазанында Reprise Records лейблінде шығарылды. Жетекші сингл, «Bang Bang», 11 тамызда шығарылды. Сондай-ақ, альбом шыққанға дейін сәйкесінше 9 және 23 қыркүйекте шыққан «Revolution Radio» мен «Still Breathing» әндері жарық көрді. Альбом шыққан күні топтың ресми сайтына «Youngblood» әніне бейне жүктелді.
Revolution Radio — Джейсон Уайт қайтадан сессиялық музыкант болып кеткеннен кейінгі, ұжымның 21st Century Breakdown жұмысынан бері алғаш рет толық трио құрамымен жазған тұңғыш туындысы.
АҚШ-тағы беделді Billboard 200 хит-парадында көш бастап, бірінші орыннан дебют жасаған Revolution Radio алғашқы аптаның өзінде 95 000 альбомдық эквивалентті жинады (мұнда тректер мен стриминг ескерілген), оның 90 000-ы нақты сатылым үлесіне тиесілі. Осылайша, бұл туынды American Idiot (2004–2005 жылдары үш апта бойы бірінші орыннан түспеген) мен 21st Century Breakdown (2009) альбомдарынан кейінгі топтың АҚШ чартындағы үшінші № 1 позициядағы альбомы.
Жарыққа шығаруы Альбомды жазу жұмыстары 2012 жылы жарық көрген ¡Uno!, ¡Dos! және ¡Tré! трилогиясынан кейінгі «99 Revolutions Tour» турнесінен кейінгі үзіліс кезінде, яғни 2014 жылы басталды.
Алдыңғы альбомдардың трилогиясын шығаруға жұмсалған күш-жігер өзін ақтамады деп мәлімдеген топтың жетекшісі Билли Джо Армстронг жаңа альбом жасау кезінде «сонша күш берілмейтінін» атап өтті. Оның айтуынша, «Bang Bang» әні «Америкада дүниеге келген және БАҚ қолдайтын жаппай ату мәдениетін» сипаттайды. Ол сондай-ақ альбом АҚШ-та болып жатқан зорлық-зомбылықтың көрінісі екенін айтады.
Пікірлері Revolution Radio сыншылардың оң бағасына ие болды. Metacritic агрегаторында 29 рецензияға негізделген альбомның орташа ұпайы 100-ден 72-ні құрап, «негізінен оң пікірлер» деген бағаға ие болды.
Alternative Press журналының шолушысы Аарон Берджесс: «Green Day бұл жолы арада жылдар салып барлық сұраққа бірдей жауап бере алмайтынын аңғартты, алайда сол жауапты іздеу жолындағы талпыныстары оларды ақиқатқа ең жақынырақ етіп көрсетеді», — деп атап өтті. Ал The Guardian басылымынан Гвилим Мамфорд: «[бірнеше соңғы альбомнан кейін] топ өз бастауларына қайта оралуды жөн көрді, бұл альбом — ұжымның аса жинақы шыққан ең сәтті жұмыстарының бірі. «Bang Bang» синглы жалпы альбомның бағытын айқындап берді, ондағы негізгі назар жаппай атыстар тудырған қоғамдық психозға аударылған», — деп өз пікірін білдірді.
Композициялар тізімі
Чарттар
Апталық чарттар + Revolution Radio альбомының апталық чарттағы көрсеткіштері (2016) Чарт (2016) Ең жоғарғы орны Аустралия (ARIA) 2 Аустрия (Ö3 Austria) 4 Бельгия / Фландрия (Ultratop) 1 Бельгия / Валлония (Ultratop) 6 Канада (Billboard Canadian Albums) 1 Хорватия (HDU) 1 Дания (Hitlisten) 31 Нидерланд (Album Top 100) 4 Финляндия (Suomen virallinen lista) 5 Франция (SNEP) 13 Германия (Offizielle Top 100) 2 Греция (IFPI Greece) 1 Мажарстан (MAHASZ) 6 Ирландия (IRMA) 1 Италия (FIMI) 1 Жапония (Oricon) 8 Жаңа Зеландия (RMNZ) 1 Норвегия (VG-lista) 8 Польша (ZPAV) 20 Португалия (AFP) 8 Шотландия (OCC) 1 Оңтүстік Корея (Circle) 1 Испания (PROMUSICAE) 6 Швеция (Sverigetopplistan) 1 Швейцария (Schweizer Hitparade) 1 Ұлыбритания (UK Albums Chart) 1 АҚШ (Billboard 200) 1 АҚШ (Top Alternative Albums – Billboard) 1 АҚШ (Top Rock Albums – Billboard) 1
Жылдық қорытынды чарттар + Revolution Radio альбомының 2016 жылғы қорытынды чарт көрсеткіштері Чарт (2016) Позициясы Аустралия (ARIA) 89 Австрия (Ö3 Austria) 69 Бельгия / Фландрия (Ultratop) 89 Бельгия / Валлония (Ultratop) 144 Италия (FIMI) 71 Оңтүстік Корея (Gaon International Albums) 85 Швейцария (Schweizer Hitparade) 71 Ұлыбритания (OCC) 94 АҚШ (Billboard 200) 195 АҚШ (Top Rock Albums – Billboard) 20
+ Revolution Radio альбомының 2017 жылғы қорытынды чарт көрсеткіштері Чарт (2017) Позициясы АҚШ (Top Rock Albums – Billboard) 71
Жазбаға қатысушылары Green Day Билли Джо Армстронг – вокал, гитара, продюсер Майк Дёрнт – бас-гитара, бэк-вокал, продюсер Тре Кул – соқпалылар, перкуссия, продюсер
Қосымша қатысушылары Крис Дуган – дыбыс инженері Эндрю Шепс – араластыру Эрик Буланже – мастеринг
Дереккөздер
Санат:Green Day альбомдары Санат:Reprise Records альбомдары