Есболат Кенғанұлы Өмірзақ (5 сәуір 1962 жыл , Гурьев облысы, Қазақ КСР) — педагог. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері (2021). Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007).
Өмірбаяны Есболат Кенғанұлы 1962 жылы 5 сәуірде Гурьев (қазіргі-Атырау) облысы Мақат ауданы, Мақат поселкесінде туған. Ақтөбе қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Маңғыстау ауданы, Үштаған селосындағы Ленин атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Еңбек жолы 1983—1998 — Маңғыстау ауданы, Үштаған селосындағы Ленин атындағы орта мектебінде математика және информатика пәндерінің мұғалімі, директордың орынбасары. 1998—2004 — Маңғыстау ауданы, Үштаған селосындағы Ленин атындағы орта мектебінің директоры. 2004—2005 — Маңғыстау облыстық білім басқармасының жалпы орта және кәсіптік білім бөлімінің бастығы, Ақтау қаласы. 2005—2007 — Маңғыстау облысының білім департаментінің мектепке дейінгі және орта білімді дамыту бөлімінің бастығы, Ақтау қаласы. 2007—2010 — Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық білім бөлімінің бастығы. 2010—2011 — Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының Оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары. 2011—2012 — «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы» МКҚК басшысы, Ақтау қаласы. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің директоры.
Марапаттары 1998 — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»; 2007 — білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі; 2011 — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі; 2013 — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»; 2016 — Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. 2021 — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі; 2021 — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Еңбек сіңірген қызметкері құрмет дипломымен марапатталды. 2021 — Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төсбелгісі;
Дереккөздер
Санат:Қазақстан педагогтары