2025 жылғы 15 қаңтарда Израиль мен ХАМАС арасында үш кезеңнен тұратын атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл бастаманы АҚШ, Мысыр және Қатар елдерінің делдалдары әзірлеп, 2024 жылғы 31 мамырда АҚШ президенті Джо Байден ұсынған болатын. 2025 жылдың қаңтарына қарай тараптар осы ұсыныс бойынша келісімге келді.

Бітім Израильдің министрлер кабинеті ХАМАС-пен атысты тоқтатуға келісті. «Сенбі күні таңертең Израиль үкіметінің барлық мүшелері Қауіпсіздік кабинеті жұма күні келісімді мақұлдағаннан кейін ХАМАС-пен атысты тоқтатуға келісті» - деп жазады The Times of Israel басылымы.

Израиль мен ХАМАС 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдул Рахман әл-Тани мәлімдеді.

Әрекеттер Жоспарға сәйкес, атысты тоқтату 19 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 09:30-да басталады. Келісімге сай, Израиль әскері 22 қаңтарда Газа секторының оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын Нецарим дәлізіндегі бақылау-өткізу пункттерінен шығады.

Бірінші кезең Бірінші кезең 42 күнге созылады, осы уақыт ішінде 33 израильдік тұтқын мен шамамен 1900 палестиндік тұтқын босатылады (олардың 1167-сі 2023 жылдың 7 қазанынан кейін ұсталғандар).

Израильдің Әділет министрлігі 735 палестиндіктің тізімін жариялады, олар алмасу аясында босатылады. Сондай-ақ, алғашқы кезеңде босатылатын 95 палестиндіктің есімдері жарияланды. Алмасу процесінде әр күні босатылатын тұтқындардың тізімі алдын ала бір күн бұрын жариялануы тиіс.

Дереккөздер

Санат:Халықаралық шарттар Санат:Израиль тарихы