Сербиядағы жалпы ереуіл (серб. Генерални штрајк, Generalni štrajk) — 2025 жылы Сербияда өткен наразылық акциясы және ел аумағында жалпы ереуіл ұйымдастыруға жасалған әрекет.

Тарихы Сербиядағы жалпы ереуіл 2025 жылдың 24 қаңтарында басталып, 2024 жылы студенттік бастамалармен ұйымдастырылған наразылық қозғалыстарының жалғасы болды. Алғашқы жалпы ереуілге негізінен студенттер қатысқанымен, кейіннен оны Сербияның қоғамдық, коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарының кең ауқымды өкілдері қолдады.

Барысы 24 қаңтар: Мыңдаған студент пен мектеп оқушылары Белград көшелеріне қайтадан шығып, 2024 жылдың қарашасында Нови-Сад вокзалының төбесінің опырылғандарды айыптады. Ереуілшілер кінәлілерді саяси және қылмыстық жауапкершілікке шақырды. AFP агенттігінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер «Жалпы ереуіл», «Өзгеріс бізбен бірге болады», «Жүйе сізге өтірік айтады» және басқа да ұрандар жазылған баннерлер ұстап көшеге шыққан. 24 қаңтарда Сербия астанасындағы дүкендер мен дәмханалар жабылып «жалпы ереуілге» қосылды. Мұғалімдер наразылықты қолдап, ата-аналар балаларын үйде қалдырғандықтан, мектептерде сабақ тоқтады. Театрлар мен кинотеатрлар да жабылды.

27 қаңтар: Сербиядағы студенттер фермерлердің қолдауымен Белградтағы ірі көлік торабын бір күнге жауып, ел президенті Александр Вучичке қысым көрсетуін жалғастырды.

28 қаңтар: Сербияның премьер-министрі Милош Вучевич елде жалғасып жатқан наразылықтардың арасында қызметінен кететінін мәлімдеді. Вучевич 28 қаңтарда Белградта өткізген баспасөз мәслихатында: «Нови-Садтағы оқиғалардан кейін мен отставкаға кету туралы түбегейлі шешім қабылдадым. Бүгін таңертең президентпен ұзақ әңгімелестім, ол менің шешімімді қабылдады» - деді. Вучевич сондай-ақ, бұл шешімді ол өткен күндері наразылықтар барысында бір студенттің жарақат алуынан кейін қабылдағанын мәлімдеді.

Реакция : Сербиядағы жалпыұлттық ереуіл кең ауқымды қолдауға ие болды. Оны түрлі қоғамдық және кәсіби ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіподақтар мен танымал қоғамдық тұлғалар қолдады.

Халықаралық реакция : Ресей СІМ өкілі Мария Захарова «Сербиядағы жағдай Батыстың бұл елдегі тұрақсыздықты күшейту жоспарының бір бөлігі» деген пікірін білдірді.

АҚШ-тың бұрынғы ұлттық барлау директорының міндетін атқарушы, дипломат Ричард Греннел заң үстемдігін бұзатындарды қолдамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, «егер заң немесе көшбасшы ұнамаса, оны өзгертуге ұмтылу қажет, бірақ қандай да бір жағдайда күш қолдануға жол беруге болмайды».

Дереккөздер

Санат:2025 жылдағы Сербия Санат:Жалпы ереуілдер Санат:Сербия саясаты Санат:Сербиядағы наразылық акциялары