Василий Иванович Бессонов (22 мамыр 1895 Симферополь, Ресей империясы – 11 мамыр 1938) — кеңестік мемлекеттік және партиялық қайраткер, Қазақ КСР-нің Қаржы халық комиссарының міндетін атқарушы.
Өмірбаяны Василий Иванович Бессонов 1895 жылы Симферопольде теміржол жұмысшысының отбасында дүниеге келген. Ұлты — орыс.
1910 жылы Қырымдағы Джанкой станциясындағы ауылдық мектептің бес сыныбын бітірген.
1912–1915 жылдары Қарапайым жұмысшы және цемент өнімдерін өндіру шеберханасында шебер ретінде Симферополь, Бердянск және Белев уездерінде жұмыс істеді.
1915 жылы Патшалық Ресей армиясына шақырылды, Ревель гарнизондық комитетінде хатшы болды.
1917 жылы желтоқсан айында Қызыл гвардия қатарына қосылды. Ревельдегі авиация полкінде әскери комиссардың орынбасары қызметін атқарды.
1920–1932 жылдары Орынбор, Самара қалаларында қаржы және шаруашылық басқармаларында қызмет етті. Қазақ КСР-де 1932 жылдың желтоқсанында қаржы халық комиссарының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
1933–1935 жылдары Қазақ КСР қаржы халық комиссарының міндетін атқарды.
1937 жылы қазан айында Партиядан шығарылып, қамауға алынды.
1937 жылдың қазанында Бессонов Алма-Ата қаласында қамауға алынып, тергеу үшін Куйбышевке жіберілді. 1938 жылдың мамырында өлім жазасына кесілді. 1957 жылы ақталған.
Сілтеме "Қазақстан Халық Комиссарлары. 1920-1946: өмірбаяндық нұсқаулық", Алматы: Арыс, 2007. ISBN 9965-17-253-6
Дереккөздер
Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да ақталғандар