Уша Бала Чилукури Вэнс (6 қаңтар 1986 жыл, Сан-Диего округі, Калифорния) — америкалық заңгер, 2025 жылғы қаңтардан бергі АҚШ Екінші ханымы, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстың жұбайы. Адвокат ретінде Вэнс бұрын АҚШ Жоғарғы сотының судьяларымен жұмыс істейтін. Ол — бұл титулға ие тұңғыш үндістандық-америкалық және индуист адам, тұңғыш миллиениал.

Ерте жылдары және білімі Уша Бала Чилукури 1986 жылы, Сан-Диего, Калифорния маңында, үндістандық иммигранттар отбасында дүниеге келген. Әкесі машина жасау оқыған, Калифорния штаты университетінде оқытатын. Анасы — молекулалық биолог, Калифорния штатының университетінде провост болған. Оның ата-аналары Андхра-Прадештік телугулерден шыққан еді. Олар Америка Құрама Штаттарына 1980 жылдары көшті. Уша Сан-Диегода, жоғарғы жаңа орта тап ортасында тәрбиеленді.

Ушаның Шрея есімді бір қыз ағайындысы бар. Балалықтан Ушаны білген достары Ушаны «көшбасшы», «кітапқұмар» деген. Ол Йель университетінде оқып, оны 2007 жылы тарихтану бойынша бакалавриатпен, Phi Beta Kappa қауымының мүшесі ретінде аяқтады. Оқуын бітіргеннен кейін Уша Йель бағдарламасы бойынша Гуанчжоу, Қытайдағы Сунь Ятсен атындағы Чжуншань университетінде ағылшын тілі мен америкалық тарихты оқытатын. Бұдан кейін Уша Англиядағы Клэр-колледжде оқыды, 2010 жылы Ерте жаңа заман бойынша магистратура алды.

2013 жылы Вэнс Йель құқық мектебінен заң докторы дәрежесін алды.

Бастапқы мансабы 2013 жылдан 2014 жылға дейін Вэнс Кентукки шығыс ауданының аудандық сотында, 2014 жылдан 2015 жылға Колумбия округі бойынша АҚШ апелляциялық соты судьясы Бретт Кавано кеңсесінде, 2017 және 2018 жылдары Жоғарғы сот судьясы Джон Гловер Робертс кеңсесінде клерк қызметін атқарды.

Вэнс Munger, Tolles & Olson заң фирмасының Сан-Францискодағы және Вашингтондағы кеңселерінде алты жылға жуық серіктес ретінде жұмыс істеді, азаматтық істер мен жоғарғы білімге, жергілікті басқаруға, ойын-сауық пен технологияға қатысты істер бойынша апелляциялық шағымдарды қарастырды. 2024 жылғы шілдеде ол отбасына көңіл бөлу үшін жұмыстан өз бетімен кетті.

2024 АҚШ президент сайлауы 2024 жылғы шілдеде Вэнс күйеуі Джей Ди Вэнспен бірге Республикалық партияның ұлттық съезіне қатысты. Бұл іс-шарада Джей Ди Вэнс Дональд Трамптың 2024 АҚШ президент сайлауындағы серіктесі болып таңдалған еді. Уша Вэнс бұдан кейін Джей Димен бірге сапарға шығатын, сахна басына да онымен бірге шығатын. Ол, оған қоса, Тим Уолзға қарсы 2024 жылғы вице-президенттік пікірталас дайындығына күйеуіне көмектесетін. 2024 жылғы 6 қарашада оның күйеуі АҚШ вице-президенті болып сайланды.

АҚШ Екінші ханымы Күйеуі Джей Ди Вэнстың ант берген сәтінде Уша Вэнс елдің Екінші ханымы болды. Ол — бұл титулға ие болған тұңғыш үндістандық-америкалық, телугу және индуист адам және тұңғыш миллиениал.

Дереккөздер

Санат:АҚШ-тағы индуизм тұлғалары Санат:АҚШ заңгерлері Санат:Йель университеті түлектері Санат:Клэр-колледж (Кембридж) түлектері Санат:Йель құқық мектебі түлектері Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Кембридж университетіндегі Гейтс шәкіртақы алушылары Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:АҚШ екінші ханымдар және мырзалары Санат:Джей Ди Вэнс