Түркиядағы жаппай наразылықтар — 2025 жылғы 19–20 наурызда Ыстанбұл әкімі Экрем Имамоглудың қамауға алынуынан кейін басталды.
Алғышарттар 2025 жылғы 19 наурызда Ыстанбұл әкімі Экрем Имамоглу жемқорлық пен лаңкестік ұйымдарға көмектесті деген айыппен ұсталды (Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп күдіктелуде). Сол күні полиция 100-ге жуық адамды қамауға алды.
Барысы Наурыз 19–20 наурыз: Студенттер мен басқа да қала тұрғындары Имамоглуды қолдау үшін наразылыққа шықты.
Түркия полициясы студенттер мен басқа да наразылық білдірушілерге қарсы арнайы құралдарды қолданды.
Полиция Ыстанбұл әкімдігін қоршауға алып, кейбір жолдар мен орталық Таксим алаңын жапты. Әлеуметтік желілерде Имамоглуды қолдау күшейіп, көптеген адамдар Ердоғанның әрекеттерін айыптауда. Стамбұл әкімін қолдағаны үшін 37 Түркия азаматы қамауға алынды.
Наразылық білдірушілер Ыстанбұл университетін және Имамоглу ұсталған полиция бөлімшесін қоршауға алды.
Сондай-ақ, қамауға алынғанына қарамастан, Экрем Имамоглу әлеуметтік желіде жазба жариялады: «Халықтың еркіндігін қорқыту мен заңсыз әрекеттер арқылы басуға болмайды. Мен тек 16 миллион стамбұлдықтарға ғана емес, 86 миллион Түркия азаматына және бүкіл әлемде демократия мен әділдікті қолдайтындардың барлығына сенім артып, нық тұрмын. Мен негізгі құқықтар мен бостандықтар үшін күресімді берік жалғастырамын».
Имамоглудың тергеуі басталды. Тергеу барысында оны «террористік ұйымның басшысы» деп атады. Түрік билігі әлеуметтік желілерге қолжетімділікті шектеді, сондай-ақ 23 наурызға дейін кез келген жиналыстар мен демонстрацияларды өткізуге тыйым салды. Түрік лирасы тарихи минимумға дейін құлдырады.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерлыкая Имамоглуды әлеуметтік желілерде қолдауды «өшпенділікке арандату» және «қылмыс жасауға итермелеу» деп атады. Ол X әлеуметтік желісінде келесі мәлімдемені жасады: «Тергеу нәтижесінде 261 күдікті анықталды, олардың 62-сі шетелде. Түркияның киберқылмыспен күрес департаменті мен қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері үйлестірілген операция жүргізіп, 37 адамды ұстады. Қалған күдіктілерді іздеу жалғасуда».
X әлеуметтік желісінде Имамоглудың қамауға алынуы мен наразылықтар туралы 18,7 миллионнан астам жарияланым жасалғаны хабарланды. Ыстанбұл губернаторы 23 наурызға дейін кез келген жиналыстар мен демонстрацияларға толық тыйым салды.
21 наурыз: Анкара мэрі Яваш Мансур Имамоглуды қолдап мәлімдеме жасады: «Біз бұл елді қараусыз қалдырмадық және ешқашан тастамаймыз. Елінің болашағы мен өз еркіндігін қорғауға шыққан азаматтарды құрметпен қарсы аламын. Әділдік жеңеді, заң мен демократия үстемдік етеді. Біз мұны сіздермен бірге жүзеге асырамыз». «Біз мұнда бүкіл Түркия болып жиналдық. Біз өз Конституциямызды қорғау үшін осындамыз. Біз ұлттық ерік-жігерден жоғары ештеңе жоқ екенін айту үшін келдік. Бүгін біз Экрем Имамоглуның құқықтарын қорғау, Исмаил Саймаздың журналистік қызметін жалғастыруын қамтамасыз ету және Ататүріктің көмекшілерінің құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету үшін осындамыз». «Біз лауазымдар үшін күресіп жатқан жоқпыз. Біз демократиямызды дауысымызбен қорғаймыз. Нағыз әділдік – тек тәуелсіз және бейтарап сот жүйесі арқылы мүмкін. Президенттік басқару жүйесі сыналды, бірақ ол нәтиже бермеді. Біз ешқашан үмітсіздікке түспейміз. Үмітсіздік – жеңіліс. Президент Экрем бізге қосылады. Маған сеніңіз, түрік халқы мұны бұрын да жасаған!».
22 наурыз: Түркияның ішкі істер министрі Али Ерлыкаяның мәлімдеуінше, полиция елдің тоғыз қаласында – Ыстанбұл, Анкара, Измир, Адана, Анталия, Чанаккале, Эскишехир, Конья және Эдирнада – наразылық білдірушілердің шамамен 340-ын қамауға алды. Митингілер кезінде полиция наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолдануда.Стычки с полицией, более 300 задержанных: в Турции не утихают массовые протесты
23 наурыз: Демонстрацияларға тыйым салынғанына қарамастан, наразылықтар бүкіл елді қамтыды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл оқиғаларды «жасанды арандатулар» деп атады."Искусственные провокации": Эрдоган – о протестах из-за ареста мэра Стамбула — 23.03.2025 Бұған дейін сот шешімімен Ыстанбұл әкімі қамауға алынған болатын. Экрем Имамоглу халықты наразылықтарға шығуға шақырды.Мэр Стамбула Имамоглу после ареста призвал население Турции выйти на митинги - Новости на Вести.ru
Билік демонстрацияларға тыйымды 25 наурызға дейін ұзартты. Кейін сот шешімімен Имамоглу уақытша Ыстанбұл мэрі қызметінен шеттетілді.Арестованного мэра Стамбула временно отстранили от должности
24 наурыз: Түркияның Ішкі істер министрлігі наразылықтарға қатысқан 1,1 мыңнан астам адамды қамауға алды. Олардың арасында 12 лаңкестік ұйымның мүшелері бар деп хабарланды.В Турции задержаны более 1,1 тыс. участников протестов Билік демонстрацияларға салынған тыйымды қайтадан ұзартты – енді ол 27 наурызға дейін күшінде болады.
Ыстанбұл провинциясының билігі жалғасып жатқан наразылықтарға байланысты қалаға кіру және шығуды шектеді. Тыйым жекелеген адамдарға немесе наразылыққа қатысуы мүмкін топтарға қатысты қолданылады.
28 наурыз: 300-ден астам түрік жазушысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы мәлімдеме жасады. Олар бұл әрекеттерін «әділетсіздікке» байланысты деп түсіндірді. Түркияның билеуші партиясы оппозицияның кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы талабын қарастырмайтынын мәлімдеді. Республикалық халық партиясының (РХП) жетекшісі Өзгүр Өзел 29 наурызда өтетін митингте кезектен тыс сайлау өткізу туралы талап қойылатынын айтты.
29 наурыз: Ыстанбұлдағы Малтепе саябағында Имамоглуға қолдау көрсету мақсатында оппозицияның жаппай наразылығы өтуде. Бұл шараға Республикалық халық партиясынан (РХП) бөлек тағы бес саяси партия қатысуда. Осыған байланысты саябақ маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.В Стамбуле оппозиция проводит митинг в поддержку Имамоглу Аталған наразылық ең ауқымды акциялардың бірі болып саналады, оған 2 миллионнан астам адам қатысуда. Сонымен қатар, оппозиция Түркия президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы халықтан қол жинауды бастады.
31 наурыз: Туристік агенттіктер, соның ішінде Ресейден келген туристерге, Түркияға авиабилет сатып алмауды ұсынады, себебі жалғасып жатқан протесттерге байланысты түрмеге қамалу қаупі бар.
Сәуір 1 сәуір: Наразылықтар барысында ұсталғандардың саны екі мың адамға жетті. Олардың арасында әртүрлі елдерден келген журналистер де бар. Ыстанбұлдан басқа, Түркияның 81 провинциясының 50-де Имамоглуға қолдау көрсету мақсатында наразылықтар өтуде. Оппозиция жақтаушыларын дүкендерде сатып алудан бас тартуға шақырып, бойкот жариялауды ұсынды.
2 сәуір: Түркия үкіметі оппозицияны «экономикалық» бойкот жариялауға шақыруда айыптады. Сауда министрі Өмер Болат оппозиция экономиканы саботаждауға әрекет жасап жатыр деп мәлімдеді.
Шілде 1 шілде: Сарачханеде Экрем Имамоглуның қамауға алынғанына 100 күн толуына орай митинг өткізілді. Шараға шамамен 100 мың адам қатысты. Митинг аяқталғаннан кейін кейбір қатысушылар мен арнайы жасақ арасындағы қақтығыстар орын алды. Полиция наразыларды қоршап, бұрыш газын қолданды. Бір адам пышақ жарақатын алғаны хабарланды. Осындай сипаттағы наразылықтар Измир, Анкара және Газиантеп қалаларында да өтті.
Ұсталғандар Наразылықтар басталғаннан бері шамамен 2000 адам ұсталды, олардың қатарында бірнеше журналист бар.
Тағы қараңыз Экрем Имамоглудың тұтқындалуы
Дереккөздер
Санат:2025 жылдағы Түркия Санат:Түркиядағы наразылық акциялары Санат:2025 жылғы наразылық акциялары