Бостандық алаңы (Таллинн) () — Таллинндегі, ескі қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекеттік іс-шаралар мен түрлі концерттер өтетін қалалық алаң.

Тарихы Таллиннің орталығындағы қазіргі Бостандық алаңының аумағы бірнеше ғасырлар бойы халық арасында Сенный деп аталатын базар орны ретінде пайдаланылды. Бұл жер ескі қаланың шекарасынан тыс жерде орналасқан, бір кездері көше атауы бойынша Харьюс деп аталатын қала қақпасы болған.

Базар 1910 жылы жабылды және бұл жерде орыс әскерлерінің қаланы алғанына 200 жыл толуына орай Петр I ескерткіші орнатылды, ал алаң Петровская есімімен атала бастады. Кеңес Одағы кезінде алаң Жеңіс деп аталды, ал 1989 жылы Эстонияның тәуелсіздігі жолындағы революция кезінде Бостандық алаңы деп атала бастады. Бірақ шын мәнінде, алаң ұзақ уақыт бойы көліктерге арналған үлкен тұрақ және троллейбус терминалы ретінде пайдаланылды.

Автотұрақты қала алаңына айналдыру идеясы қала билігіне 2000-шы жылдардың басында, жұмыстың өзі 2008 жылы басталып, көшелерді көлікке толтырмас үшін жерасты автотұрағын салу туралы шешім қабылданды. Қазба жұмыстары басталған кезде ортағасырлық қала қақпаларының және басқа да қорғаныс құрылыстарының аман қалған сынықтары табылды.

Бүгінгі таңда Бостандық алаңы дәмханалар мен демалатын орындарымен танымал және адамдар көп жүретін жаяу жүргіншілер аймағы болып табылады. Мұнда Жеңіс монументінен бөлек, спорттық матчтар мен музыкалық концерттерді көрсететін үлкен экран орнатылған.

Бостандық алаңының көрікті жерлері Алаңдағы ғимараттар ансамблі әртүрлі архитектуралық стильдерге жататын құрылымдардан тұрады. 1860 жылы салынған ежелгі неоготикалық Әулие Иоанн шіркеуінің сары қабырғалары алаңның батыс жағында бой көтерген қазіргі заманғы монумент – Бостандық монументімен қатар орналасқан. Бостандық Крестімен безендірілген биік бетон бағанасы жарықдиодты шамдары бар заманауи шыны панельдермен жабдықталған.

Алаңның бір бөлігінде, орта ғасырларда Харью мұнарасы тұрған Әулие Иоанн шіркеуіне қарама-қарсы, әйнек күмбездің астында баспалдақтың сынықтары, мұнараның негізі сақталған. Көптеген көрме залдары мен қазіргі заманғы өнер галереясы алаңдағы ғимараттардың дәл артында орналасқан. Жер асты өткелі арқылы орыс театрына және қалалық әкімдіктің ғимаратына тез жетуге болады. Оның сыртқы түрі қызыл және қара түсті кірпіштермен жасалған. Өткелде 4D кинотеатрымен жабдықталған ойын-сауық орталығы, қызықты жәдігерлері бар фотогалерея орналасқан. Алаңның жер асты галереясында орналасқан заманауи Ahhaa интерактивті орталығы алаңның тарихын баяндайды.

Алаңда көптеген кафелер, мейрамханалар, демалуға арналған жайлы орындар бар. Сән салондарындағы, дүңгүшіктердегі заттардың, кәдесыйлардың ассортименті мол. Қаланың танымал екі түнгі клубы Vabank, Club Privé алаңның жанында орналасқан. Қираған Швед бастионының орнында пайда болған алаң түріндегі заманауи демалыс аймағы жергілікті тұрғындар мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болып табылады.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Таллинн алаңдары