Александр Махов ( ; 17 сәуір 1986 жыл, Ворошиловград, Украина КСР, КСРО – 2022 жыл 4 мамыр , Изюм, Харьков облысы, Украина ) — украин журналисті және соғыс тілшісі.

Өмірбаяны Александр Махов 1986 жылы 17 сәуірде Луганск қаласында дүниеге келген.

Владимир Дал атындағы Шығыс Украина ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Луганск облыстық теледидарында бастады. Кейін «Украина» және «Украина 24» телеарналарында тұрақты тілші қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап Dom TV арнасында соғыс тілшісі болып жұмыс істеді. .

2020 жылы коронавирустық індет кезінде Украина азаматтарын Уханьнан эвакуациялау процесін оқиға орнынан тікелей хабарлады .

Ресейдің Украинаға басып кіруінің алғашқы күндерінде Махов Украина Қарулы Күштерінің 95-ші жеке десанттық-шабуылдау бригадасы қатарына қосылып, әскери қызметін журналистік қызметпен үйлестірді .

Ол 2022 жылы 4 мамырда артиллериялық атқылау салдарынан қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский Маховтың отбасына көңіл айтты .

Отбасы Ажырасқан, ұлы - Владислав .

Марапаттары

3-дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен (2022 ж. 24 мамыр, қайтыс болғаннан кейін) марапатталды – Украинаның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда көрсеткен жеке ерлігі, жанқиярлық әрекеттері және әскери антына адалдығы үшін.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:2022 жылы қайтыс болғандар Санат:4 мамырда қайтыс болғандар Санат:Луганскде туғандар Санат:1986 жылы туғандар Санат:17 сәуірде туғандар