Висла-Одер стратегиялық шабуылдау операциясы — Қызыл Армияның 1945 жылдың басында Польша мен шығыс Германияның жерінде өткізген аса ірі шабуылы.

Үш аптаға созылған бұл шайқас географиялық тұрғыдан Сандомир-Силезия операциясы және Варшава-Познань операциясы болып екіге бөлінеді.

1-ші Украин майданы мен 1-ші Белорус майданы күштері жүзеге асырған бұл шабуыл өте қарқынды жүрді. Тәулігіне жауынгерлер 20–30 шақырым жерді артта қалдырып, жауды Берлин жаққа шегінуге мәжбүрлеген-ді.Большая советская энциклопедия (30 томдық) — 3-ші басылым — М.: 1969—1978.

Нәтижелері Фашистердің 35 дивизиясы толығымен жойылды, 25 дивизияның саптары екі не одан да көп есе қысқарды. нобай|солға|Бреслаудағы неміс офицерлерінің капитуляцияға келуі Польшаның мемлекеттік құрылымдары қалпына келтіріле бастады.

Кеңес әскерлері Одер өзенінің сол жағасына шығып, немістердің астанасына бағытталған шабуылды жоспарлауға кірісті.

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:1945 жыл