Бақты — Абай облысының Мақаншы ауданындағы ауыл, Бақты ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Мақаншы ауылынан шығысқа қарай 57 км жерде, Арқалы тауының солтүстік-шығыс етегінде, Көктұма өзенінің бойындағы құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1870 жылы қаланған. Бақтыда бұрынғы қой кеңшары негізінде “Көктұма” серіктестігі, өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3236 2511 2068 82,4 1247 1038 83,2 1264 1030 81,5
Инфрақұрылымы Орта мектеп, аурухана, клуб, мемлекеттік кеден бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Мақаншы ауданы елді мекендері Санат:Жетісу казак әскерінің елді мекендері