Вячеслав Фёдорович Чернов (1939, Чистоозерное, Чистоозерный ауданы, Жаңасібір облысы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, Семей облысының бұрынғы әкімі.

Білімі Омбы ауыл шаруашылығы институтын және Алматы жоғары партия мектебін тәмамдаған. Мамандығы — инженер-механик.

Мансабы Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған, институтты бітірген соң «Госкомсельхозтехника» облыстық бірлестігінің инженері, аға, бас инженері, төраға орынбасары, төрағасы болып қызмет атқарды. 1990-1992 жылдары халық депутаттарының Жамбыл облыстық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — облыстық атқару комитетінің төрағасы, оған дейін Жамбыл облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1992-1994 жылдары Семей облысының әкімі болды.Чернов Вячеслав Федорович - биография - кто такой Чернов Вячеслав Федорович? Қызметінен босатылған соң 17 жыл бойы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен сауда өкілдігінде жұмыс істеді. Қазіргі таңда зейнеткер, Мәскеу қаласында тұрады.Первые акимы

Дереккөздер

Санат:Семей облысының әкімдері