«Беш-Таш» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы () — Қырғызстандағы ұлттық саябақ, Талас қаласының оңтүстігінде Талас алқабында орналасқан.
Атауы және орналасуы Беш-Таш, қырғыз тілінен аударғанда «Бес тас» дегенді білдіреді. Бұл атау қорыққа Беш-Таш шатқалында осы күнге дейін тұрған бес тастың арқасында берілді. Олармен байланысты өздерінің қатыгездіктері үшін осы тастарға айналған бес қарақшы туралы аңыз бар.
Саябақ Беш-Таш өзенінің аңғарында, Талас жотасының тауларында орналасып 30 шақырымға созылып жатыр. Талас қаласынан 25 шақырым жерде.
Сипаттама «Беш-Таш» мемлекеттік саябағы 1996 жылы 2 тамызда Талас ауданында құрылған. Саябақтың бастапқы ауданы 12 802 гектар болса, бір жылдан кейін ол 19 508 гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта жалпы жер көлемі 32 411 гектарды құрайды. Саябақты құрудағы мақсат – бірегей табиғи кешендерді, сирек кездесетін жануарлар мен құстарды сақтау.
Саябақ аумағы келесі шатқалдарды қамтиды: Көлба, Беш-Таш, Үрмарал және тармақтары бар Құмыш-Таг. Бұл шатқалдар арқылы кең тарамдалған тармақтары бар аттас өзендер ағып өтеді. Аумағын терең жыралар кесіп жатыр. Жазда шатқалдар өте әдемі көрінеді. Шатқалдардың жоғарғы ағысында оң жақ беткейлерінде шыршалы, аршалы сирек ормандар бар. Орманды-шалғынды аймақтың шекарасынан жоғары ашық жасыл альпі шалғындары басталады. Жотаның қырлы бөлігінде Үрмарал ойпатын Қара-Құлжа және Чатқал аңғарларымен байланыстыратын Чийим-Таш асуы (3575 м) жатыр.
Үш жағынан Талас Ала-Тоо жүйесіне кіретін тау жоталарымен қоршалған. Мәңгілік мұздықтармен қоректенетін Беш-Таш өзені таудан ағып, қорық аумағының барлық жерінде ағып жатыр. Табиғи саябақтың аумағында мөлшері мен биіктігі әртүрлі сегіз көлдер бар. Олардың ішіндегі ең үлкені Беш-Таш көлі 2997 м биіктіктегі аттас аңғарда орналасқан, көлдің тереңдігі 28 м-ге жетеді.
Флора мен фаунасы Беш-Таш шатқалында Семенов шыршасының қоспасы бар Тянь-Шань шыршасының әдемі ормандары сақталған. Саябақ қылқан жапырақты өсімдіктердің үлкен санына ие. Гүлді өсімдіктердің 800-ден астам түрімен ұсынылған, оның 28-ге жуығы ағаштар мен бұталар.
Саябақтағы фауна да алуан түрлі, жануарлардың көптеген түрлерін, соның ішінде сусарларды, күзендерді, барыстарды және басқаларын кездестіруге болады. Мұнда кекілік, қарлығаш сияқты сирек аңдар мен құстар бар. Қызыл кітапқа енген өкілдерінің ішінде, барыс, түркістан сілеусіні, бүркіт, құмай, ақ сұңқар, лашын мекендейді.
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан саябақтары