Мери Хронопулу (; 16 шілде 1933 — 6 қазан 2023) — Грекия актрисасы. 1960 жылдардағы ең танымал актрисалардың бірі болды. Ол грек театрының басты кейіпкерлерінің бірі. Көптеген фильмдерде ойнады, оның он алтысына Finos Film продюсер болды.
Өмірбаяны Мэри Хронопулу 1933 жылы 16 шілдеде Афинада дүниеге келген. Ұлттық театр училищесін бітіп, онда би топтарында және кезеңдік драмаларда өнер көрсетті. Кәсіби сахнада 50-жылдардың аяғынан басталды. Кинодағы алғаш рөлін 1954 жылы Динос Димопулостың Finos Film шығарған «Бақытты бастама» фильмінде қосымша рөлде ойнады, ол кезде әлі студент болатын. Ол «Қызыл шамдар» және «Қорқыныш» фильмдеріндегі рөлдерінің арқасында танымал болды.
1999 жылы Мери жол апатында ұшырап ауыр жарақат алып, комаға түсіп және ауыр жағдайда ауруханада тоғыз ай жатқан. Омыртқасына ота жасатып, ол сәтсіз аяқталып, актриса сахнадан кетуге мәжбүр болды.
Хронопулу IRIS марапаттарының 2021 жылғы құрметті «Грек Оскарының» иегері және 1987 жылғы Салоники фестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы болды.
Мери Хронопулу 2023 жылы 6 қазанда 90 жасында Афинадағы ауруханада қайтыс болды.
Мансабы 1958 жылы Михалис Какояннистің «Соңғы алдаушы» фильмінде шағын рөлді сомдады. 1963 жылдан бастап ол Никос Куркулос, Фаидон Георгитсис, Димитрис Папамихаил, Гиоргос Фунтас және Алекос Александракис сияқты сол кездегі жетекші ер кейіпкерлермен бірге ханым мен әйелдің рөлдеріндегі бірқатар драмалық фильмдерде ойнады.
Оның өнері әсіресе Василис Георгиадистің «Қызыл шамдар» (1963) фильмінде ерекше көрінді. Сонымен қатар «Тұлғасыз» (1963), режиссер Василис Георгиадис пен Никос Фосколостың сценарийі бойынша «Топырақ қызыл түске боялғанда», Яннис Далианидистің «Көз жасына тым кеш» (1968), Яннис Далианидис пен Никос Фосколудің сценарийі бойынша «Қала тіршілігін жоғалтқанда» (1969), Динос Катсуридестің «Қарақшылар» (1965), Динос Димопулос «Нөлдік сағат қоғамы» (1966), «Жекпе-жек аллеясы» (1968) және Никос Фосколостың «Z көру» (1970) фильмдеріне түсті. 1967-68 жылдар аралығында ол ең танымал кино актрисасы болды.
Театрлық мансабында ол Афинаның ірі труппаларымен ынтымақтастықта болып өнер көрсетті. 1972 жылы ол өзінің жеке труппасын құрды, онымен бірге Сомерсеттің «Қай уақытта ораласың, Пенелопа» және Яковос Кампанелистің «Ыстық қыз» пьесаларын қойды.
Дереккөздер
Санат:Грекия актрисалары