А.С.Грибоедов атындағы Тбилиси орыс драма театры () — Грузиядағы драма театры, Тбилисиде Руставели даңғылында орналасқан. 1932 жылы ашылды. 1845 жылы Тбилисиде ашылған бірінші орыс кәсіби драма театрынан бастау алады.

Тарихы Грузияда орыс театрының пайда болуы XIX ғасырдың басынан басталады. Ол кезде Тбилисиде әуесқой орыс спектакльдері қойылып, 1830 жылдарға қарай көркемөнерпаздар үйірмесінің репертуары А.С.Грибоедовтың «Ақылдың қасіреті» комедиясымен толықтырылды. 1845 жылдың қыркүйегінде губернатор граф М.С.Воронцовтың тұсында бірінші орыс театрының алғашқы маусымы ашылды. Екінші маусымға Мәскеу мен Санкт-Петербургтен актерлер шақырылып, оларды іріктеуге М.Щепкин жетекшілік етті, труппаны А.Яблочкин басқарды.

1901 жылы ақпанда «Көркемөнер қоғамы» театрдың бірінші маусымын ашты, ол «Ақылдың қасіреті» қойылымымен басталды, бір жылдан кейін оған Армян көркемдік қоғамы қосылды, ал 1921 жылы мекеме Шота Руставели атындағы Тбилиси мемлекеттік академиялық театры болып өзгертілді. XIX–XX ғасырларда театрда көптеген танымал тұлғалардың қызметімен есте қалды, олардың арасында М.Ермолова, ағайынды Адельгеймдер, М.Петипа және т.б. 1904–1906 жылдары мекемені В.Мейерхольдтың «Жаңа драма қоғамы» басқарды, ал тоғыз жылдан кейін театрда режиссер А.Туганов басқаратын орыс труппасы – «Орыс театр қоғамы әртістерінің бірлестігі» құрылды. 1921 жылы ол Орыс академиялық театры болып өзгертілді. нобай|оңға|200px|Театрдың бас залы 1932 жылы Грузия Халық ағарту комиссарының қолдауымен Тбилиси мемлекеттік орыс драма театры құрылды, ол бұрынғы Тбилиси Қызыл Армия үйінің ғимаратын алды. Содан кейін театр труппасына Тбилисидегі Қызыл Армия үйінің қызметкерлері мен әртүрлі қалалардан келген кеңес өнерпаздары кірді. Бірінші қойылымды қоюға театр реформаторы және Екінші Грузия театрының режиссері К.Маржанишвили қатысты, ал 1932 жылдың қарашасында М.Горькийдің «Тереңдік түбінде» пьесасы, одан кейін Н.Погодиннің «Менің досым» пьесасы сәтті орындалды.

1933 жылдың күзінде екінші маусым басталды, сол кезде мекеме жаңа үй алып, ал труппа жаңа режиссерлер мен актерлермен толықты. Жастар театрының негізін қалаушы Константин Шах-Азизов жаңа көркемдік жетекші және режиссер қызметіне кірісті. Келесі маусымдар Грузияда маусымдық театр ұжымдарының орнына тұрақты жұмыс істейтін орыс театры қалыптаса бастағанын көрсетті.

1934 жылы театр А.С.Грибоедовтың есімін алды, 1971 жылы театр Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1974-1979 жылдары театрдың бас режиссері А.Г.Товстоногов болды.

Театрдың қазіргі өмірі нобай|оңға|200px|«Холстомер» спектакльі Қазіргі уақытта театр көрермендерге театр әлеміндегі заманауи үрдістердің көрінісіне айналған жаңа эстетика мен қойылым стилін ұсынады. Сонымен бірге барлық қойылымдар жоғары деңгейде өтуде, мұнда орыс классикасын да, қазіргі драматургияны да көруге болады. Театр сахнасында өмірге келген пьесалар Булгаковтың «Мастер мен Маргарита», Достоевскийдің «Өлілер үйінен жазбалары», Чеховтың, Мольердің, Агата Кристидің және т.б. барлық жанкүйерлеріне таныс.

2013 жылы мекеме «Театр жұлдызы» сыйлығымен марапатталса, «Алтын Витязь» ХІ халықаралық театр форумында А.Варсимашвилидің «Холстомер.«Ат тарихы» қойылымы жоғары марапатқа ие болды. Қазір театр залдарында орыс тілінде спектакльдер қойылуда. Театр «Бостандық алаңы» метро станциясының дәл артында, қаланың дәл ортасында орналасқан. Театр ғимаратының кіреберісі Воронцов сарайының бақшасына жақын орналасқан.

Қазіргі таңда Тбилисидегі орыс театры театр өнерінің жанкүйерлері үшін 20-дан астам қойылым дайындады. Ересектер арналған қойылымдар: «Алызыл желкендер», «Шие бағы», «Ағылшын детективі», «Ревизор», «Холстомер. Жылқы тарихы», «Найзағай» т.б. Кішкентай көрермендер үшін: «Өркешті ат»; «Золушка»; «Чиполлино»; «12 ай»; «Алқызыл гүл»; «Морозко». Сонымен қатар Гогольдің «Ойыншылар» қойылымы, «Дауыл» спектаклі, «Қызыл телпек» және «Ғажайыптар еліне саяхат» атты балаларға арналған музыкалық қойылымдары бар. Бір маусымда Тбилиси театры 28-ге жуық қойылым ұсынады.

Дереккөздер

Санат:Тбилиси театрлары