Кімасар өзені – Кіші Алматы өзенінің оң саласы, өзенге сағасынан 113 км жерде құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 6,0 км, су жиналатын алқабы 75 км2, арнасының орташа ені 1,5-2,0 м, орташа тереңдігі 0,15-0,20 м. Өзен 3000 м биіктіктегі бұлақтардан басталады. Су жинау алқабының орташа биіктігі 2160 м. Негізгі саласы – Солтүстік Ортасай. Көп жылдық орташа су шығыны 0,13 м3/с, ең көбі – 3,9 м3/с (1947 жылы мамырда). Арнасының кей жеріне бетон бөгеттер тұрғызылып, ағыны шағын бөгендерге бөлінген. Сағасынан бастап арнасын бойлай тас жол өтеді. Жоғарғы бөлігінің сол жағында "Медеу" қонақ үйі орналасқан. Бойына сағасынан 3 км жерде сел тасқынынан қорғайтын бетонды бөгет салынған.Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы өзендері Санат:Іле су алабы