нобай|Оклахомада табылған жәдігер нобай|Ұзындығы 47 см болатын Тунисте табылған тас Шөл раушаны — гипстің линза пішіндес қабаттарының өзара сіңісіп қатқан түріндегі минерал, ол сырт пішінімен көп жағдайда раушан гүліне ұқсас болып келеді.

Шөлдерде жауын-шашындардың өтіп кетуінен кейін түзіледі. Гипс суда ерігенде, құмдардың астына кетеді. Кейін ыстықтан су буланып, гипс қайта кристалданады. Жаңа минералдың ішінде көптеген құм түйіршіктері қалып қойғандықтан, оның түсі де сол қалыптасқан ортаға байланысты болады. Кейде барит минералынан пайда болған шөл раушандары да кездеседі.Mindat.org деректері

Франциялық сәулетші Жан Нувель бұл минералдың көркемдігінен шабыт алып, Қатар елінде жаңа ғимарат салды. Сырт келбетімен шөл раушанына ұқсаған Қатардың Ұлттық мұражайы өз есіктерін 2019 жылы ашты.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Аутигендік минералдар

Санат:Сульфаттар Санат:Кальций минералдары