Сағындық кесенесі (19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басы) – архитекторлық ескерткіш. Отырар ауданы Шәуілдір ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, қабырғалары сыланған. Бес күмбезі бар тік төртбұрышты кесененің қабырғасы әктелген. Күмбездердің барлығы көпқырлы болып келеді және ең ірісі – ортаңғы күмбез. "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы" Дереккөздер

Санат:Түркістан облысы Санат:Қазақстан сәулеті