Роберт Мистрик (; 13 тамыз 1966, Банска Бистрица) — Словак химигі, ғалымы, кәсіпкері және саясаткері. 2019 жылы Словакия Республикасының Президенттігіне кандидат болды.

Өмірбаяны Роберт Мистрик 1966 жылы 13 тамызда Чехословакияның Банска-Бистрица қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Братиславадағы Словакия технологиялық университетінің химиялық технология факультетін аналитикалық химия мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы Вена университетінде (Аустрия) докторлық диссертациясын қорғады.

Ол Ұлттық стандарттар және технологиялар институтында (Мэриленд шт., АҚШ) тағылымдамадан өтті және NIST масс-спектрлер қоймасын әзірлеуге қатысты (химиялық заттардың массалық спектрлері және оларға қатысты ақпарат бар). Оның метаболомика саласындағы зерттеулері оған халықаралық танымалдылық әкелді және ол Халықаралық метаболомика ұйымының негізін қалаушы мүшесі болды. Ол сонымен қатар Америка химиялық қоғамының белсенді мүшесі болды.

Үйленген, екі ұлы бар — Даниэль және Денис.

Мансабы 1998 жылы Мистрик Словакияда химиялық талдау, биомедициналық зерттеулер және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысатын HighChem технологиялық компаниясын құрды. Компания адам метаболиттерін, дәрілік заттарды, допингтік заттарды және қоршаған ортаны ластаушы заттарды анықтауға мүмкіндік беретін mzCloud деп аталатын бірегей дерекқорды, сондай-ақ массалық спектрлік деректерді өңдеу және интерпретациялау үшін Mass Frontier бағдарламалық құралын әзірледі (бүкіл әлем бойынша 2000-нан астам зертханаларда қолданылады).

2012-2015 жылдары «Метаболомика қоғамы» халықаралық тәуелсіз коммерциялық емес ұйымының директорлар Кеңесінде қызмет етті (биологиялық объектінің барлық метаболиттерін анықтауға және сандық өлшеуге арналған ғылым).

2009 жылы ол орталық-оңшыл «Бостандық пен ынтымақтастық» партиясының негізін қалаушылардың бірі болды және 2012 жылға дейін оның мүшесі болды. 2018 жылдың 15 мамырында ол 2019 жылы Словакия президенттігіне тәуелсіз кандидат ретінде (Бостандық пен Ынтымақтастық қолдауымен) қатысу ниетін жариялады. Ол өмір сүру деңгейі мен жалақыны көтеруді, жаңадан бастаған бизнесті дамытуды, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді, табиғатты қорғауды және дәстүрлерді дамытуды жақтады. 2019 жылдың 26 ​​ақпанында кандидатурасын алып тастады.

Марапаттары 2009 жылы Мистрик онкомаркер, дәрілік метаболиттерді және басқа да маңызды заттарды анықтау әдісін ашқаны үшін «Жыл менеджері» ғылыми сыйлығын жеңіп алды. 2018 жылдың қаңтарында ол Словакияда ғылымды дамытқаны үшін 1-дәрежелі ұлттық Прибина Крестімен марапатталды.

Дереккөздер

Санат:Словакия химиктері Санат:Словакия ғалымдары