Серафим Емельянович Вечканов (; 6 тамыз 1914 жыл, Какино, Төменгі Новгород губерниясы – 20 қазан 1965 жыл, Саранск) — мордва ақыны, журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері, 1938 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі және Мордовия мәдениетінің еңбегі сіңген қызметкері.

Өмірбаяны Вечканов 1914 жылғы 6 тамызда, Какино ауылындағы шаруалар отбасында туған. Туған ауылындағы бастауыш мектебіне барған ол 1928 жылы Большая Арать шаруа жастарының мектебіне түсті, ол жерде эрзялар оқитын. Кейін Вечканов өлкелік мұғалімдер курсын бітіріп, көршілес ауданның Новое Иванцево ауылында мұғалім атанды. 1932 жылы Вечканов Мордовия мемлекеттік педагогикалық институты әдебиет факультетінің мордва бөліміне оқуға түседі, бірақ үшінші курстан кейін оқуды тастап, «Эрзянь коммуна» газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып жұмыс істей бастайды.

1936 жылы Вечканов Қызыл армиядағы мерзімді әскери қызметке шақырылды. Қиыр Шығыста қызмет еткен ол дивизиялық газетте әдеби қызметкер еді. 1941 жылғы демобилизациясынан кейін ол Мордовия кітап баспасында редактор болатын. Вечканов — Ұлы Отан соғысының ардагері (атағы — лейтенант): запастағы 18-атқыштар бригадасында қызмет еткен, Ленинград шайқасына қатысқан. 1942 жылдан 1944 жылға дейін Вечканов Белорус майданы жеке атқыштар бригадасының «Сталинский флаг» («Сталин байрағы») газеті редакторының орынбасары болатын. 1943 жылдан ол КОКП мүшесі еді.Вечканов Серафим Емельянович // Үлкен кеңес энциклопедиясы / бас редакторы: А. М. Прохоров. — 3-басылымы: Кеңес энциклопедиясы, 1969–1978. 1944 жылы ауруға шалдыққаннан Вечканов демобилизацияланды да, Саранскіге оралды. Бастапқыда ол баспа редакторы болды, кейін «Суран толт» («Сура жалындары») журналының редакторы, Мордва АКСР Жазушылар одағының хатшысы атанды. 1959 жылдан 1964 жылға дейін ол — Мордовия Жазушылар одағының төрағасы.

Вечканов КОКП XXII съезіне делегат болып сайланды, Мордва АКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды (1960–1964).

1965 жылғы 23 қазанда ол Саранскіде қайтыс болып, сол жерде жерленді.

Шығармашылығы 1930 жылы «Вейсэнь семиясо» («Біртұтас жанұяда») Лукоянов аудандық газетінде Вечкановтың тұңғыш өлеңдері жарық көрді. 1932 жылдан олар «Эрзянь коммуна» («Эрзя коммунасы») газеті мен «Сятко» («Ұшқын») журналында жүйелі шығып жататын. Соғысқа дейін Вечкановтың екі поэзия жинағы жарық көрді: «Моронта ушотксозо» («Ән басы», 1933) мен «Монь тештем» («Жұлдызым», 1940). Өлеңдері әлеуметтік бағыты мен өзектілігімен ерекшеленетін.

1946 жылы Вечканов «Каштаз» («Гүлдесте») жинағын басып шығарды, оған соғыс кезінде жазылған 16 өлең енген болатын. Вечкановтың өзі бұны «репортёр түйіндемесі» деген. Өлеңдер патриоттық пен батырлық зауығымен ерекшеленді. Осы шығармашылығында, әсіресе «Герой аля» («Қаһарман») тақпағында, Вечканов ұлттық символика қолданды, халық балладаларының поэтикасына сүйенді.

Соғыстан кейін Вечканов эрзятілді «Маней» («Күн көзі», 1955), «Чипалы», («Жанаргүл», 1961), «Вечной тол» («Мәңгілік алау», 1964) мен орыстілді «Стихи» («Өлеңдер», 1952) мен «Солнышко» («Күн көзі», 1960) жинақтарын жазды.

Вечканов өзін ақын ретінде ғана емес, сонымен бірге орыс поэзиясының эрзя тіліне дарынды аудармашысы ретінде де танытты. Өлеңдері орыс, чуваш, мари, эстон, мажар тілдеріне аударылған.

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет  — Саранск, 1956. — 163–167-беттері.  — Саранск, 1958.

Санат:Гагино ауданында туғандар Санат:Саранскіде жерленгендер Санат:Алфавит бойынша ақындар Санат:Эрзя ақындары Санат:КСРО ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:Алфавит бойынша журналистер Санат:КСРО журналистері Санат:XX ғасыр журналистері Санат:Алфавит бойынша жазушылар Санат:Эрзя жазушылары Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:М. Е. Евсевьев атындағы Мордовия мемлекеттік педагогикалық университеті түлектері Санат:Ленинград шайқасына қатысқандар Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:Эрзя тіліне аудармашылар Санат:Орыс тілінен аудармашылар