Миша (Михайло) Анастасиевич (Капитан Миша) (; 1803, 24 ақпан, Пореч — 1885, 27 қаңтар, Бухарест) — серб саудагері, патриот және қайырымдылық жасаушы, XIX ғасырдағы Сербияның ең бай адамдарының бірі, саясаткер.

Өмірбаяны Миша Анастасиевич Пореч қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Анастас жер иесі және ұсақ саудагер болған, ал анасы Ружа үй шаруасымен айналысқан. Әкесі қайтыс болғаннан кейін оған өгей шешесі қамқорлық жасаған. Ол өгей шешесімен бірге Бірінші серб көтерілісі және Серб революциясы кезінде екі рет Австрияға қашып барған. 11 жасында оқуды және жазуды білгендіктен, туған қаласында мұғалім болған.

Ол Милош Обреновичтің іскерлік серіктесі болған. 30 жасында капитан атағын алған. Көп ұзамай оның компаниясы Валахия мен Молдавиядан тұз экспортын бақылауына алды. Оның қарамағында 10 000 адам еңбек еткен, сондай-ақ 80 кемеден тұратын флотқа ие болған. Көптеген жазушыларға өз кітаптарын басып шығаруға көмектескен. Валахиядағы өз үйінде мектеп ашып, қаржыландырды, онда оқушылар тегін білім алды.

Белградтағы көптеген ғимараттардың құрылысына қаржы бөлген.

Іскерлік шеберлігінің арқасында «Дунай ханзадасы» деген лақап атқа ие болған.

Естелік left|thumb|250px|Миша Анастасиевич «Капитан Миша» ғимаратының ауласында оның бюсті орнатылған.

Сілтемелер Батакович Д. Серб революциясы: Мүмкіндік пен жаңғыру ұлты, 2005

Санат:Бухарестте қайтыс болғандар Санат:Румынияда жерленгендер Санат:Сербияда туғандар Санат:Сербияның әскери қызметкерлері Санат:Сербия мемлекет қайраткерлері Санат:Сербия қоғам қайраткерлері Санат:Сербия саясаткерлері Санат:Сербия кәсіпкерлері Санат:Саудагерлер