Николай Тимофеевич Носиков (1945, Ново-Васильевка ауылы, Навля ауданы, Брянск облысы, РКФСР, КСРО — 1998, Өскемен, Қазақстан) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны Носиков Николай Тимофеевич 1945 жылы Брянск облысы, Навля ауданы, Ново-Васильевка ауылында дүниеге келген.

Жаңасібір теміржол инженерлері институтын қатынас жолдары инженер-құрылысшысы және инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

1980 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.

Еңбек жолы Еңбек жолын Шемонаиха қаласында Қазақ теміржолының жол және құрылыс ара қашықтық инженері болып бастаған.

1969-1978 жылдары комсомол, партия, кеңес жұмыстарында қызмет етті. Қазақстан Лениндік Коммунистік Жастар Одағы Шемонаиха аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы лауазымдарында жұмыс істеді.

1980 жылы жоғарғы партия мектебін бітірген соң «Алтаймырышқұрылыс» тресі партия комитетінің хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы, Өскемен қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.

1992 жылдың наурызынан 1995 жылдың желтоқсанына дейін — Өскемен қаласы әкімшілігінің басшысы, әкімі болды.

1996 жылдан бастап 1997 жылдың маусымына дейін — «Экспресс» АҚ дирекциясы директорының орынбасары болып еңбек етті.

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

1998 жылы Мәскеуде іссапармен жүріп қайтыс болды. Носиковтың денесі жерлеу үшін Өскеменге жеткізілді.

Қоғамдық әрекеті Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылым депутаттығына кандидат.

Дереккөздер

Санат:Өскемен әкімдері Санат:Өскеменде жерленгендер