Бұқар жырау кесенесі – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Бұқар жырау ауданы, Шалқар ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде, Далба тауының етегінде орналасқан.
Тарихи деректер Бұқар жыраудың моласын алғаш анықтап, басына тастан белгі қойып кеткен белгілі ойшыл, фольклортанушы, этнограф-зерттеуші Мәшһүр-Жүсіп Көпеев болды. Ол Бұқар жыраудың шығармаларын жинақтап, қолжазба қорына өткізген. 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтіліп, ұлы абыздың жерленген Далба тауының етегінде архитектор А. Сәуменов сызбасын жасаған кесене салынады.
Кесене сипаты Кесене биіктігі 12 м-ге жетеді. Табаны үш таған болып келетін бұл кесене қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді. Күмбездің ұшар басына Қазақстандағы көптеген кесенелерді безендіргенде пайдаланылған алтын жалатқан ислам дініне тән жарты ай белгісі қондырылған. Кесененің іші және сырты ақ мәрмәрмен көмкерілген.Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қарағанды облысы сәулеті