Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев (15 мамыр 1958, Шелехово ауылы, Бородулиха ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР) — Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі (2008—2009).
Өмірбаяны 1976 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын, ал 1987 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген.
Еңбек жолы 1978 жылы — Семей облысы Бородулиха ауданы бойынша салық инспекторы болды.
1978-1981 жылдары — Семей облысы Бородулиха аудандық атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқарды.
1981-1983 жылдары — Семей облысы Бородулиха ауданы халық депутаттары Орлов ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
1983-1984 жылдары — Семей облысы Бородулиха аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбектенді.
1984-1986 жылдары — Семей облысы бойынша Қазақстан Компартиясы Бородулиха аудандық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы болды.
1986-1990 жылдары — Семей облысы Бородулиха ауданындағы Пушкин атындағы ұжымшар партия ұйымының хатшысы қызметін атқарды.
1990-1991 жылдары — Семей облысы бойынша Бородулиха ауданы бойынша салық инспекциясының бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.
1991-1994 жылдары — Семей облысы Бородулиха ауданы бойынша салық инспекциясының басшысы лауазымында еңбек етті.
1994-1995 жылдары — Семей облысы бойынша салық инспекциясы басшысының бірінші орынбасары болды.
1995-1997 жылдары — Семей облысы бойынша облыстық салық полициясы басқармасы басшысы қызметін атқарды.
1997 жылы — Семей облысы әкімінің бірінші орынбасары, Семей облысының әкімінің м.а. болып жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында еңбектенді.
1998 жылы — Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының әкімі болды.
1998-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
1999-2003 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2003-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымында еңбек етті.
2007-2008 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2008-2009 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
2017-2022 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді.
Дереккөздер
Санат:Бородулиха ауданында туғандар Санат:Семей әкімдері Санат:Шығыс Қазақстан облысының әкімдері