Тілеген Советұлы Маткенов (1 сәуір 1966, Боралдай кенті, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Полиция генерал-майоры, 2019 жылдың мамырынан бастап ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті басшысы.
Өмірбаяны 1966 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінде дүниеге келген.
1984-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеді.
1986 жылдан бастап КСРО ІІМ Алматы арнаулы орта мектебінде оқып, оны 1988 жылы сәтті бітірді.
1988-1989 жылдары — Халық депутаттар кеңесі Алматы облыстық атқару комитетінің Қапшағай қалалық ішкі істер басқармасы (ҚІІБ) кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясының бөлімшелік инспекторы болып қызмет атқарды.
1989-1996 жылдары қылмыстық іздестіру бөлімінде қызмет етті. 1989-1991 жылдары — Алматы қаласы Октябрь АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің (ҚІБ) жедел уәкілі лауазымында еңбек етті. 1991-1993 жылдары — Алматы қаласы Октябрь аудандық ІІБ №4 МҚБ ҚІБ аға жедел уәкілі қызметін атқарды. 1993-1995 жылдары — Алматы қ. ҚІІБ Қылмыстық іздестіру басқармасында (ҚІБ) бопсалаумен күрес бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 1995-1996 жылдары — Алматы қ. ҚІІБ Алатау АІІБ ҚІБ басшысы болды.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінде (МТК) қызмет атқарды. 1996 жылы — Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша МТК басқармасының ҚІБ басшысы болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары — Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша МТК басқармасы басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болды. 1997 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы жоғарғы тергеу академиясын бітірген.
1997 жылы — Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы (АІІБ) басшысының бірінші орынбасары болып еңбектенді.
1997-2001 жылдары — Алматы қаласы Жетісу АІІБ басшысы болып жұмыс істеді.
2001 жылы — Алматы қаласы ҚІІБ қылмыстық істі тексеру полициясы басқармасы басшысының орынбасары, кейін Алматы қаласы Бостандық АІІБ басшысы қызметін атқарды.
2004-2008 жылдары — Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымында еңбек етті.
2008-2009 жылдары — Қостанай облысы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары болды.
2009-2012 жылдары — Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
2012-2016 жылдары — Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тілеген Маткеновке полиция генерал-майоры атағы берілді.
2016 жылдың сәуір айынан 2018 жылдың шілде айына дейін Жамбыл облысы ІІД басшысы лауазымында еңбектенді.
2019 жылдың мамыр айынан 2022 жылға дейін ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Тілеген Маткенов «Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері».
Марапаттары II дәрежелі «Даңқ» ордені (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 мамырдағы Жарлығы) Марапаттау қаруы және Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамотасымен марапатталған. «КСРО ІІМ үздік қызметі үшін» төсбелгісі «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі «Қазақстан полициясына 15 жыл» төсбелгісі «Қаржы полициясы органдарына 15 жыл» Қаржы полициясы органдарының төсбелгісі «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медалі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне 20 жыл» төсбелгісі «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісі, «Ішкі істер органдарының ардагері» медалі 1941—1945 ж. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына» медалі «Қазақстан Қаржы полициясына 20 жыл» медалі
Дереккөздер
Санат:Іле ауданында туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкерлері