Тұрғынды өзені — Күрті алабындағы өзен, Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағадыТопографиялық карта k-43-021. Ұзындығы 23 шақырым.

Географиясы Тұрғынды шатқалындағы Үлкен және Кіші Тұрғынды өзендері қосылған жерден бастау алады. Ақсеңгір ауылы тұсында Ақсеңгір өзеніне сол жағынан құяды.

Жағасында Жайсаң ауылы мен бірнеше қыстақтар бар. Суы егін және мал шаруашылығына пайдаланылады.

Салалары Кіші Тұрғынды өзені Самсы ауылының солтүстігіндегі қыраттардан басталып, солтүстік шығысқа қарай ағады. Ұзындығы 10 шақырым. Үлкен Тұрғынды өзені Тұрғынды шатқалының жоғары жағынан бастау алады. Ұзындығы 14 шақырым. Солтүстікке қарай ағады. Тұрғынды өзеніне оң жағынан қуяды.

Дереккөздер

Әдебиет

КСРО су ресурстары. 13 том. Орталық және Оңтүстік Қазақстан. 2 шығарылым. Орталық Қазақстан. Балқаш өзені алабы. / ред. Л. А. Гапонов, К. Н. Шадских. — Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 168

Сілтемелер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері