«Маймылдар ғаламшары» — Пьер Буль жазған фантастикалық антиутопиясының алғашқы экранға қойылуы, Маймылдар ғаламшары франшизасындағы бірінші фильм.

Фильмде ғарышкерлердің амалсыздан әлдебір планетаға қонып, оны зерттей бастауы туралы баяндалады. Бірте-бірте ғаламшарда саналы тіршілік бар екенін анықтап, олар маймылдардың дамыған қоғамына тап болады. Ал араларында кездескен адамдар жабайы болып шығады.

1969 жылы Оскар марапатында фильм үздік костюм дизайны және үздік саундтрек номинацияларына ілікті. Ол кезде грим бойынша номинация болмағандықтан, Джон Чэмберске арнайы жетістіктері үшін Оскар сыйлығы табысталған болатын.

2001 жылы бұл кинотуынды АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді.

Актёрлер Чарлтон Хестон — Джордж Тэйлор Родди Макдауэлл — Корнелиус Ким Хантер — Зира Джеймс Уитмор — Ассамблея президенті Морис Эванс — д-р Зейус Джеймс Дэйли — д-р Гонориус Линда Харрисон — Нова Роберт Ганнер — Лэндон Лу Вагнер — Луциус Джефф Бёртон — Додж нобай|Ким Хантерге грим салған кезі Дереккөздер

Тағы қараңыз Эволюцияның негізгі заңдылықтары Постапокалиптика

Санат:Франклин Шеффнер фильмдері Санат:20th Century Fox фильмдері Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Уақыт бойымен саяхаттау туралы фильмдер Санат:Постапокалиптикалық фильмдер Санат:Ұлттық фильмдер регистрі